«Нұр-Сұлтанға арналған үздік әнұран жазылмай жатыр»

Нұрболат Әлдибек - 03.09.20192141

Елорда әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының әнұранына байқау жариялағанымен лайықты шығарма таппай отыр. Қала әкімі Алтай КӨЛГІНОВ жүлде қорына келгенде аянып қалып отырған жоқ. Аты жаңарған астанаға үздік әнұран жазған авторға 3 млн теңге беріледі.

«Барлығы сол «жасасын, Астана!», «жас қала, менің мақтаным» деген сияқты жадағай болып келеді, жарқ ететіндей жаңа ой, салмақты сөз, айшықты образ таппадық. Содан кейін қайта бір көрейік деп қайтадан байқау жарияладық. Оған 68 шығарма түсті. Байқау уақытын созып, қайта қараған кезде де алдыңғыдан өзгешелік болмады, тағы да жадағай, жаттанды сөздер», – дейді қазылар алқасының мүшесі Несіпбек АЙТҰЛЫ.

Қазылар құрамында композитор Серік ЕРКІНБЕКОВ, Сәкен ӘБДІРАХМАНОВ, айтыскер Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗИН де бар. Байқау алғаш осы жылдың 27 мамыры мен 24 маусым аралығында жарияланған. Лайықты шығармалар болмағасын қазылар 8 шілде мен 10 тамыз аралығында тағы да үміткерлерге мүмкіндік берді. Алайда, әнұран болар дүние шықпапты.

«Егер келіп түскен шығармалардың ішінде өте сәтті, әуені де, сөзі де үйлесімді келіп тұрса шығарып жіберуге болар еді, ал, асығыста, шикілі-пісілі, талғамға жауап бермейтін, сын көтермейтін нәрсені әнұран деп тапсақ, оны халық қабылдамай сынға ұшырап жатса, одан қазылар алқасы абырой таппайды», – деді Н.Айтұлы.

Фото: kalamger.kz

Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.