Сабаққа келмейді: Ақтөбеде оқушылар хиджаб үшін сыныпта қалдырылған

Жанар Қожанова - 03.09.20191719

Ақтөбе облысында орамал дауына байланысты сегіз оқушы бір жылдан бері сабаққа қатыспай жүр. Және сол сегізі де өткен оқу жылында келесі сыныпқа көшпей қалған. Облыстық білім басқармасы күні кеше үш оқушының ата-анасы балаларын мектептен шығарып алып кеткендерін айтады. Ал қалғанын мектепке әлі әкеле алмай отыр.

Мұғалімдер «орамалсыз мектепке балаларымызды жібермейміз» деп отырған ата-аналарды әлі күнге көндіре алмай келе жатыр. Тіпті жазғы демалыста да оқуға  шақырыпты. Шариғатты ұстанған ата-аналар оған да көнбеген. 

«Біздің мектепте оқушы формасын сақтамаған балалардың саны оқу жылы аяғында алтау болды. Биылғы жылы сол алты оқушының үшеуін (бір отбасының балалары) ата-анасы басқа мектепке алып кетті. Қазіргі таңда үшеу. Олар енді кеше келген жоқ. Бүгін екінші сменге күтудеміз. Бүгін егер сабаққа келмесе, сабақтың соңында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері бәріміз үйіне барамыз», - дейді Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Құқпан ЖИЕНМУРЗИНА.

Сөйтіп, Ақтөбеде білім саласының шенеуніктерінен бастап мұғалімдерге дейін бес оқушының әуресімен жүр.

«Талап бойынша оқушылардың бәрі мектептің ішкі тәртібі мен  бекітілген формасын сақтауы керек. Өйткені балалар мектепте бірдей әлеуметтік жағдайда болады. Қазір мектепке келмей отырған бес оқушының ата-анасымен жұмыс істеп жатырмыз. Арнайы мамандар, теологтармен бірге үйлеріне барып жүрміз. Әзірге нәтиже жоқ»,- дейді Ақтөбе облысы білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат РСАЛИНА.

Естеріңізге салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын бір топ ата-ана облыстық әкімдікке барып, балаларын мектепке хиджабпен кіргізуді, болмаса ақылы мектептерде білім алу үшін бюджеттен арнайылап ақша бөлуді талап еткен еді.  Алайда жергілікті шенеуніктер  барлық оқушы мектеп формасын сақтауы керек екенін айтып, азаматтар зайырлы мемлекеттің ережелеріне бағыну керек деп отыр.

Фото:azattyq.org


Мақала авторы:

Жанар Қожанова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

qazaq 06 Қыркүйек, 2019

Балаларының болашағын алаңдайтын ата-ана болса, сол орамалсыз ақ мектепке жіберіп, білім алуына кедергі келтірмейтін еді. Өз қолдарымен баланың болашағына балта шауып отыр. Талап, зан деген бәріне бір

Жауап беру

aqbota 06 Қыркүйек, 2019

руксат бермеу керек! Біз зайырлы мемлекетпіз. Мектепте бәрімен бірдей болу керек, ал мектептен тыс не киседе өз еркі. Хиджабпен келіссе, ертен басқа талаптар қоймайдыма? Намаз оқуға бөлме ашып, сабақтан жіберсін деп? Жалпы қазақ қыздарына орамал кигізбеген емес пе, тұрмыс қурған әйелдер мен әжелеріміз киген

Жауап беру

серикбай 04 Қыркүйек, 2019

бүгүн қысқа дамбал сақалдылар мен ұзын матаға оранғандарғардың айқанын істесе ертең басқа бірдеңе шығарады оларды қатаң жазалау керек балаларын теріс ағымға итермелегені үшін сондайлардың қаншасын Сириядан алып келді халықтың ақшасын шығарып

Жауап беру