21 мыңның жыры: Қызылордалық аналар Тоқаевқа шағымданбақ

Абай Нұржанұлы - 03.09.20191917

Қызылордалық көпбалалы аналар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлім басшысы Гүлмира РАХМЕТОВАНЫҢ қызметтен кетуін талап етеді. Бүгін бір топ аналар аталған бөлім орналасқан ғимарат алдына жиналып, президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА петиция жолдайтындарын жариялады. Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ» тілшісі хабарлайды.

Көпбалалы аналар ай сайын берілетін 21 мың жәрдемақыны алу үшін әуре-сарсаңға түсетінін айтады. Жергілікті жердегі жауапты басшылардың  аналар мәселесіне немқұрайлы қарайды дейді. Ай сайын жәрдемақы кешігіп келеді екен. Қала әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ пен облыс басшысы Қуанышбек ЫСҚАҚОВТАН аттап өтіп, президентке шағымданғандарына қарағанда қызылордалық шенділер аналар мәселесін білетін сияқты.

 «Балық басынан шірейді дейді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімде болып жатқан былықтың бәрін айтамыз. Бірақ оған көзді жұмады. Мен акиматқа барған сайын проблемаларды айтамын», - дейді көпбалалы ана Жадыра САЛБАЕВА.  

Қазір қызылордалық аналар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа петиция дайындап қойған. Оған ондаған адам қол қойыпты.

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөліміне келсек  басшы мәселені ортақ шешудің орынына оны одан сайын ушықтырып жібереді. Сол себепті біз мемлекет басшысына шағымданбақшымыз», - дейді тағы бір көпбалала ана Перизат БОЛАТҚЫЗЫ.

Бөлім басшысы Гүлмира Рахметованың айтуынша, дау туындатқан жиырма бір мыңның уақытылы түсуіне барынша жұмыс істеп жатыр екен. Ал жәрдемақының кейде  уәде етілген уақыттан кешігуі ай сайынғы өтініш берушілердің санының артып келе жатқанымен байланыстырады.


Фотолар автордікі.

Мақала авторы:

Абай Нұржанұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Алдебаева Дидар 03 Қыркүйек, 2019

Бизге кереги осы жардемакымыз уакытылы тусип турган.Ананлардын талабы орындалса деймиз унеми кешигип туседи.мысалы откен тамыз айынын жардемакысын ала алмай журген аналар бар деп естип жатырмыз,сонда олардын балаларыннын мектепке дайын емес дегенин далели.ар отбасында кем дегенде 2,3окушыдан бар кимнен болек оку куралдарынын озине канша акша керек.сол ушинде осы кыркуйек айынан бастап кешиктирилмесе деймиз

Жауап беру