Таразды жарықтандыруға 2 млрд теңге бөлінді

Нұрболат Әлдибек - 30.08.20191325

Тараз қаласын жарықтандыруға жалпы сомасы 2 миллиардтан аса теңге бөлінген. Ал қаланың сыртқы жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын мердігер «Тараз-Жарық» ЖШС-гімен атқарылуда, — деп хабарлайды «Жас Алаштың» өңірдегі тілшісі.

11.12.2018 жылы мердігер «Қазақстан электро» ЖШС-гімен жасалып, С.Сейфуллин, Қ.Тұрысов, Т.Рысқұлов, Шостакович көшелерінің сыртқы жарықтандыру желілері қайта жаңғыртудан өтті. Жұмыс құны — 65,968 миллион теңге (оның ішінде: 2019 жылғы жұмыстарға бөлінген қаржы — 20,154 миллион теңге).

Жоба бойынша 4 көшеде 261 темірбетонды бағана, 15,3 шақырым СИП сымдары алынып, 191 монолитті темір бағана, 191 жарықдиодты шам, 7 жарықты басқару шкафы орнатылды, 15,7 шақырым жерасты кабель желілері жүргізілді.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша 2018 жылы Тараз қаласының 2 даңғылы мен  31 көшесінің сыртқы жарықтандыру желілерін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттары дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жалпы 33 жобаның 4-уі (Т.Рысқұлов, Қ.Тұрысов, Сейфуллин, Шостакович көшелері) іске асырылып, қалған  29 жоба құжаттары дайын.

Жұмыстың жалпы сомасы — 2 378 718,528 мың теңге, оның ішінде: сыртқы жарықтандыру желілеріне — 971 910,501 мың теңге, жеке тұрғын үйлерге электр желілерін жүргізуге — 1 406 808,027 мың теңге.

Жоба бойынша жалпы 2989 дана темірбетонды, ағаш бағананы бөлшектеу, 2455 дана темір қырлы бағана, 2591 дана жарықдиодты шам орнату және 291,3 шақырым жерасты кабель желілерін жүргізу жоспарланған. (42-47 слайд)

«Smart City» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастамасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Тараз қаласы көшелерінің барлық сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту жұмыстары жоспарланды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде мердігер «Altacom Asia» ЖШС болып айқындалды. Қазіргі таңда аталған жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Осы жұмыстар іске асырылса, Жамбыл облысының орталығы жап-жарық болады,- дейді жұмысты жүргізіп жатқан мердігерлер.


Жарықтандырудан бөлек, биыл Тараз қаласын газдандыру бойынша да 37,4 шақырым полиэтиленді газ құбырлары ауыстырылмақшы. Газбен қамтамасыз етуші мекеме — «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы. Қаладағы газ құбырларының ұзындығы 1475 шақырым құрайды, оның ішінде:

— 1112 шақырым жерасты құбырлар — (жоғарғы қысымды — 35 шақырым,  орта қысымды — 994 шақырым, төмен қысымды — 83 шақырым),

— 363 шақырым жерасты құбырлар — (жоғарғы қысымды — 0,045 шақырым,  орта қысымды — 24 шақырым, төмен қысымды — 339 шақырым).

Фото: tarazfoto.blogspot.com

Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды