Тараз тұрғындарына 6829 атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Нұрболат Әлдибек - 31.08.2019241

Жыл басынан бері тараздық отбасыларға кедейшілік шегінен шығу мақсатында 1,5 миллиард теңге төленген. Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының тұрғындарына жарты жылдың қорытындысы бойынша 6829 атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысының биыл 27 ақпандағы тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тетігі 1 сәуірден бастап жаңа форматта жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде келесі өзгерістер енгізілген болатын: күнкөріс деңгейі 50 пайыздан 70 пайызға дейін өсті, отбасының жиынтық табысын есептеу барысында көпбалалы отбасылар, баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы және оқушылар шәкіртақысы есептелмейді.

2019 жылдың 5 сәуірінде Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заңға тиісті өзгерістерге қол қойылып, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға 20789 теңгеден, отбасының ересек азаматтарына жиынтық табыспен күнкөріс деңгейінің айырмасы төленуде. Осыған орай АӘК алушылар саны күрт өсті.

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек аумақтық учаскелік комиссисының шешімімен тағайындалып төленуде. Кедейлік деңгейінің 20789 теңгеге көтерілуіне байланысты бүгінге дейін 6829 отбасына 1 миллиард 543 миллион теңге тағайындалып төленді. Сондай-ақ 2380 отбасына АӘК тағайындаудан бас тартылса, 1004 отбасының құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілуде. Масылдыққа жағдай жасамау мақсатында жалған мәлімет ұсынған, табысын жасырған және т.б. мәліметтерді анықтау үшін, АӘК алушы отбасылардың тұрмыстық жағдайы қайта тексерілуде.

Бүгінде 541 отбасына тексеру жасалып, нәтижесінде 63 отбасының өтініші қайта қаралып, әртүрлі себептермен (көрсетілген мекенжайда тұрмайтыны, материалдық жағдайының жақсы, ата-анасымен бірге тұрып жатқаны, бірақ өтініште көрсетпеген, бағалы автокөлігі және арнайы техникалары, базарда өзінің жеке кәсібі бар, жалған ақпарат және т.б. мәлімет ұсынғаны үшін)  32 миллион 896 мың теңге төлем тоқтатылыпты. Бұл ретте 1 миллионнан аса теңге мемлекет қазынасына өз еркімен қайтарылса, 2 құжаттың материалы сотқа беріліп, 132 құжат салық басқармасына, 9 құжат еңбек инспекциясына жіберіліпті.

Фото: sputniknews.kz

Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.