Жеңіс Қасымбек: Қытайдан бізге қауіп жоқ

Сайт Әкімшілігі - 05.09.20191017

ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс ҚАСЫМБЕК қытайлық зауыттарға қарсы болып жатқан шерулерге қатысы өз пікірін білдірді. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Қытайға мемлекеттік сапары қарсаңында желіде тарай бастағаны біртүрлі екенін айтты, - деп хабарлайды  «Жас АЛАШ» Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Іс-сапар туралы бірдеме деп айту қиын. Әрине, іс-сапар алдында осындай әңгімелердің шығып жатқаны таңғалдырады. Ешқандай шешім шығара алар емеспін, мұнымен құзырлы органдар айналысады, бірақ Мемлекет басшысының Қытайға сапары қарсаңында осындайды шығарып жатқандары біртүрлі», - деді Қасымбек.

 Осы жағдайға байланысты Үкімет түсіндіруге шешім қабылдаған. 

"Қоғамға түсінікті болу үшін, бұл жобалар, қажет дүние.  Желіде айтылып жатқандай олардан ешбір қауіп жоқ. Шындап келгенде қытайлық зауыттардан қорқатындай  ешбір негізсіз», - деді Қасымбек үкіметтегі брифингте.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Қытайға барады.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.