«Қанат Ислам мені сыртқа теуіп тастады» (видео)

Алмас Нүсіп - 05.09.20192458

Қытайдан келген  кәсіпқой боксшы Елшат НЫҒМЕТОЛЛАҰЛЫНЫҢ жерлесі әрі әріптесі Қанат ИСЛАМҒА деген реніші бар екен. Бұл туралы «Қазақ жауынгері» деген лақап аты бар боксшы ALAMAN LIFE ютуб каналына берген сұхбатында айтқан.  

«Ешкім ешкімге міндетті емес қой. Бірақ Бауыржан МОМЫШҰЛЫ атамыз айтпақшы ер жігіттің екі сөйлегені өлгені. Қанат Ислам десе ішкен асын жерге қоятын жігіттердің бірі біз болғанбыз. Қасында жүрген арамзалардың біреу азғырып кетті ме, білмеймін. Ағамды шыны керек түсінбей қалдым. Мені сыртқа теуіп тастады», - деген боксшы журналист Серік НОЯНБАЙҰЛЫНА.

Елшат 53,5 келі салмақта WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы. Кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. Қазір белгілі бапкер Сағатбек МҰСАХАНОВТЫҢ қол астында жаттығады екен.


Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.