Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ. Қилы тағдырлар     

Дерек көзі: www.azattyq.org - 21.11.2018315

ҚИЛЫ ТАҒДЫРЛАР повесть        Құттыболат пен Тәттіболат Алматы қаласының Респулика алаңынағы «Алтын адамның» маңында кездесіп қалып, екеуі құшақтасып амандасты да, сол арадан алыстамай, сыраханаға кіріп әңгімелесіп отырып қалды.      - Алматылық делегаттармен бірге Францияға кеткеніңді естігенмін, ол елден не көріп, не түйдің? – деп сұрады Тәттіболат досы Құттыболаттан.      - Көргенім мен түйгенімнің қайсы бірін айтайын, Парижде Алматының апорт алмасының исі аңқып тұр екен. Мұрын жарады, - деді Құттыболат таңырқағанын қабағынан танытып. Қою, қап-қара қасын керіп, аққуаша ажарына ашаң қызыл алау жүгіріп.      - Өзімізде тұқымы құрып бара жатқан апорттың, Париж қалсында исі аңқып тұрғаны таңғаларлық екен, е? Иә, сөзіңді бөлмейін, жалғастыра бер.      - Алматының мың жылдығы Парижде де аталып өтті, Абай ескерткіші ашылды. Думанды шра Юнеско көлемінде ұйымдастырылды. Еуропа төрінде тойланған мерекелік шараға Қазақстанның Франциядағы елшісі Нұрлан Даненов, Юнеско бас директорының орынбасары Теттачу Енгида және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматылық делегатцмяны шара басталмай тұрып, Теттач Енгидамен кезікті. Ол кісі ә дегеннен, әсем алматының жай-күйін сұрады қала әкімінен.      - Қала әкімі сырқыратты деше Алматының арғы-бергісін қазып айтып.      - Сырқыратты әрине. «Өткен жылы Парижде Юнеско бас Ассамблясына мүше 195 елдің шешімімен Алматының 1000 жылдығы халқаралық мерей той тізіміне енді. Сол кезден бері, біз елімізде 200 ден астам мәдени шара өткіздік. Париждегі бұл жолғыы қауышу – сол шаралардың дәстүрлі жалғасы деп біліңіздер»- деді Бауыржан.      - Геттачу Енгида жылы шырай білдірген шығар қала әкіміне?      - Білдіреді ғой әрине, кезегі келгенде сөз алған Юнеско бас директорының орынбасары Алматы қаласының мың жылдығымен құттықтай келіп, «Қазақстан даму жолына түскен ықпалды ел. Н.Ә. Назарбаевтің Юнеско – ға сіңірген еңбегі зор, Талай бастама көтеріп, әлемдегі тыныштықты сақтауға атсалысып келеді, осының өзі қазақ елінің дұрыс бағытта ілгерілеп келе жатқанын аңғартады. Егемендіктің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдығы бір жылға тұспа-тұс келіпті. Маңызы зор мейрамдарыңыз құтты болсын!» - деді Геттачу Енгида.      - Ал сонан соң?      - Сонан кейін, салтанатты шара кезінде, халқаралық ұйымның штап пәтерінде көздің жауын алатын бір неше көрме ұйымдастырылды. Онда қазақтың қолөнер бұйымдары, зергерлік заттар, ұлттық музыкалық аспаптар мен жас суретшілердің еңбектері тұр екен. Бұл көрмені Алматы қаласының әкімі ұйым жетекшілерімен бірге тамашалады. Алматыдан әкелінген апортқа шетелдіктердің аузының суы құрып, ерекше тамсанды.      - Сол апортымыздың тамыры тәуелсіздікке қолымыз жеткенде, Қазақстан топырағына қайта терең тамыр тартса екен деп, біз де тамсанатын болдық, - деп Тәттіболат ернін сылып еткізіп, басын шайқады. – Ау, қызыл империяның қазақпен бірге, апортымыздың да тұқымын құрта жаздаған екен-ау!      - Е, солай болған ғой...Көрме соңы «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбілі мен консертке ұласты. Қазақстанның өнер ұжымы Франсоздардың классикалық туындыларын қазақтық халық аспаптарынмен орынлап берді. Әншілеріміздің шырқаған әндері Париж аспанында шалқыды. Салтанатты шараға қала тұрғындары мен бірге Юнеско ұйымына мүше елдердің өкілдері, Еуропаны мекендеген күллі қазақ қауымы диаспарасы қатысты. Алматының мың жылдығы аясында Рейн қаласында Абай бюсті ашылуына жалғасты.      - Керемет болыпты! – деді Тәттіболат тамсанып.      - Сен «Алматы ақшамы» газетіне жазылып жүрсің бе?      - Иә, жазылғанмын.      - Бізге қатысты жаңа хабар бар ма екен?      - Бар, - деп Тәттіболат сөмкесінен «Алматы ақшамының» 2016 жылғы 15- қазан күнгі санын алып, Құттыболаттың қолына ұстатты.Оның көзіне әуелі түскен «Жұмыс іздеп жүргендер» деген ірі әріппен жазылған бір сөйлем сөз бадырайып тұра қалды. Құттыболат соған ентелей үңілді: «18- қазан күні Алматы қалалық жұмыспен қамдау орталығы басшысының орынбасары Мұрат Абай ұлымен өткізілген тікелей желі арқылы сіз жұмыссыздық мәселесіне қатысты өзіңізді толғандырып жүрген сауалдарыңызға жауап алып, «жұмыспен қамту 2020 жол қартасы» бағдарламаына қалай қатынасуға болады, «жастар тажірибесі» мелекеттік бағдарламасының жастарға берер қандай көмегі бар, касіптік біліктілікті қалай арттыруға болады? Деген сияқты және басқа да сұрақтарыңызға жауап аласыздар...» деп соңына байланыс телефоны жазылыпты.       - Жақсы ахпарат екен, бірақ осындай үміттендіргіш жарнамалардың соңы сиырқұймышақтап кететін кездері де жетерлік-ау! – деп еді Құттыболат.       - Оның рас, алайда алдамшы алаяқтардың жолын кесуге ұмтылыс жасалып жатыр ғой елімізде, «көп жортқан түлкі терісін алдырады» дегендей, алдамкөстікпен айланысып жүргендердің де тіршілігі тұралап жатпай ма? – деді Тәттіболат кесек денелі, келбеті, кере қарыс кең маңдайы, қоңырқай жылтыр тартып.      - Алаяқтарға, жемқорлық есігін айқара ашып, тізе қосып тұр ғой досым, бұл қырсық Қазақстанда ғана емес,бүкіл әлемді шарпыды. Сыбайлас жемқорлықтың желісін ұзаққа тартып алды, әлемнің құрылығын жаулап. Оның тамыры тереңге кетті. Алып шаһар Алматыны жұтып қоя жаздаған жегіқұрттар қаншама қазына байлықты, тонналап ақшаны тиеп алап, самолетпен, сән-салтанатпен шетел асып кеткендерді көзіміз көріп, қайда барып, тастай батып, судай сіңіп жатқанын етқұлағымызбен естіп отырмаймыз ба?     - Сондайларды шетелге аман-есен шығарып салып, тосқауылдан құтқарып отырғандарға не деуге болады? Ұсақ балықтарды тобымен жұтатын жайын балықтар су астына сүңгіп кетіп, қарасын көрсетпейтінін қайтерсің!       Құттыболат пен Тәттіболат тәуелсіз қазақ елінің қазіргі беталысын, ішкі-сыртқы саяси, экономикалық жағдайдың ушығып, тұралап тұрғн жақтарын да, қазақ елінің еңсесі көтеріліп келе жатқан келбетін де, әңгімелерінің арқауы етіп, талай жерге апарып тастады. Бұл екеуі түйдей құрдас, биыл 25 мүшелдері, үйленудің сәті түспей жүрген. Жерлестік, руластық, мектептестік, достық жақтары да бар. Құттыболат, ауылда туып, балалық, жастық шағының дені ауылда өткен. Тәп-тәуір танылып қалған жас ақын. Әкесі Найманбай тарихшы, шежіреші, ауылдағы ауқаттылау, шаруақор отбасылардың бірі. Шешесі ауыл мұғалімі. Халық әндерін әріне келтіріп, мәнерлеп айтатын өнері де бар, сауықшыл адам. Ал Тәттіболат, қалада туып, қалада өскен. Оның әкесі Айтқазы Алматының тұрғыны болғанымен, мамандығы тау-кен инженері еді. Уақтының көбі тау сағалап, өзен жағалап, орман аралаумен өтетін. Шешесі Балқадиша алматыдағы бір ауруханада дәрігерлік істеген. Екеуі де қазір зейнеткер.       Ал Құттыболат ауылдық орта мектепті тауысан соң, Алматыдағы Әл-Фараби атындығы ұлттық униуерситеттің  билология пакултетін тауысып, қалада тұрақты жұмыс орнының сәті түспей, кезкелген ауқатпен айласынып жүретін. Қазіргі беталысы туған жерге туын тігуге мойын бұра беретін. Ал Таттыболат та КазіГудің жорналистика пакултетін қарайлас тауысқан. Ол қалада туып, қалада өскендіктен, қаланың қыр-сырын жақсы білді, бұл жорналис болудан көрі, бизініс болуды жөн көріп, Америкадан экамомика басқару туралы білім алып, бір жыл оқып келген. Ол үшін қаланың дәмі тәтті сезіліп, беталысы – қалаға беймделу. Әке-шешесі де құптайды оның ол ойын.      Бұл екі жігіттің де алғашқы махаббаттары құбылмалы болды. Құттыболат, ауыл мен қаланы жездей қағып кезіп жүрген Гүлсағым атты сұлу қызбен танысып, соған ғашық болып қалды.Қыз да жігіттің жүрегін жүтып алғандай арбағыш, ыстық сезімді, барынша баурағыш, тым қылықты ару еді. Құттыболат сол алғашқы махаббаты, құлай күйген махаббатының Азабын аз тартпады. Тәттіболаттың алғашқы мақаббаты да Гүлсағымға ұқсастау қыз еді. Ол екеуі бірін бірі құлай сүйіп, ақырын да, қыздың  ниеді басқа екенін сезіп қалып, ажырасып тынған. Ендігі ғашығы Құралай атты суретші ару болатын. Ол қыз махаббатқа да, сүйген жігітіне де жан-тәнімен адал болса да, Тәттіболаттың өзінің күдігі күшейіп, қызғанышы қозғандықтан, маздаған махаббат отын суық жел шалқыта бастады.      Құттыболат Каз-Гудің екінші күрсісінде оқып жүргенде, Алматыдағы Қыздар иниститутының соңғы курсісін оқып жүріп, Казігудегі таныс қыздарға барғыштай беретін Гүлсағым дейтін қыз Құттыболатпен де танысып қалды. Ол бір күні екінті мезгілінде, Әлі-Фарабидің мүсінінің қасындағы арқалықты отырғышта отырып қалып, Құттыболатпен сырласудың орайы туды. Бала кездерінде араласып таныспағаны болмаса, екеуі жерлес екен. Талдықорғанның іргелес екі ауылының тұрғындары болып шықты екуі де, Сол күннен бастап, екеуінің араластығы қоюлай түсті. Махаббат бас көтеріп, сезімдері ояна түсті. Махаббат туралы ой-пікірлері ауашада айтылып, сырласу, сынасу да ұзаққа бармай, бірінің жүрегін бірі жадылап алды. Екеуі Каз-Гу дің көп қабатты үйінің батысындағы биік, көлеңкелі ағаштардың арасына қойылған отырғышта иық сүйесе ауаша отырып, махаббат туралы ой бөлісті.      - Сен, шынайы махаббат дегенді қалай түсінесің? Шынайы өмірде мәңгілік махаббат бола ма?- деді Гүлсағым Құттыболатқа.      - Шынайы махаббат – сезімге шек қою дегенді білмеймін, өзіңді тек бір жанға арнау, - деп Құттыболат қызға тесіле қарады.       - Сол ғана ма? Шынайы махабаттың басқа да татымды талаптары бар шығар?      - Тек сол жанның бақыты үшін ғана өмір сүру, сол үшін қиял теңізіне бату, қорлықтың өзін – ұлылық деп тану, соның өзінен ләззат, іләзаттың өзінен мұң таба білу, сүйюдің мәнісі – арманды мұратқа жеткізген әлемде өмір сүру...       - Тағы не айтасың?       - Махаббат шынайы болу үшін – махаббаттың ақылымен, әсемдігімен әрбір жарқыл, әсемдік атаулыдан асып түсетін мінсіз әлемде өмір сүру деген сөз. Бұл әлемде аспан анағұрлым таза, табиғат әлде қайда сәулетті көрінеді. Өмір мен уақытты екі ұдайға – бар мен жоқ дегенге, жылдың екі маусымына, көктем мен қыс мезгіліне бөлу керек. Бар деген ұғымды – көктемге, жоқ дегенді – қыс мезгіліне сәйкес келсе...- деп еді Құттыболат.       - Әй, енді жетер құдай үшін, сен шынайы өмірдегі емес, махаббат туралы жазылған романның сөзін сөйлеп кеттің. – Гүлсағым Құттыболаттың сөзін бөлді.       - Махаббатта опасыздық, дастықта әлде нендей дөрекі, суық-сырдаң ұмытшақтық ... жалпы алғанда адамдарға қараудың, олармен бірге өмір сүрудің өзі де – жексұрын да, жиіркенішті сияқты. Олардың барлық ой-пікірлері, сөздері, істері құм негізге құрылған. Бәрі бір мақсатқа ұмтылады.Соған асығады. Арамдық істейді. Өтірік жарамсақтанады. Адалдық жоқ, қулық-сұмдық жасайды. Алдында ыстық мерейлі, соңында мұздай суық. Оны шынайы махаббат деуге бола ма?      - Ақындар кітапті көп оқығандықтан, өмірде жоқ, роман сөзіне ауып кете береді екен ғой, тоқетерін айтсам, менің жүрегім - сүйгіш жүрек, мен адамдарға құшағымды кең жаямын. Ал олрр не істесе өзі біледі. Адамдардан жақсылық та, ерлік те, кеңпейілділік те, жанқиярлық та талап етпеймін. Өзіме тиістіні ғана талап етемін. Махаббат туралы да сондай...      -Сенікі дұрыс қой Гүлсағым, бірақ су ішінен құп-құрғақ болып шыға келеді екенсің. Шынымды айтсам, менің бар өмірім, тынысым – менің тек сөйген адамым үшін ғана екені өзіме аян. Соның әрбір қуанышы менің де қуанышым қайғым болу керек. Ол саған да аян емес пе?      Қыздың үстіне бір көнек су құйып жібергендей, селкілдеп кетті.      -Кейбір адамдардан жиіркеніп, жек көріп кетіп едім, кейде өзімді де жек көретін болдым. Адамдардан безіп тасалануға болады, ал өзің өзіңнен қайда қашып құтыласың?      -Не үшін өзіңнен өзің безесің?      -Шынайылықты шындап тани алмай, адамдардан алданған кездерім үшін... Шындық түкке тұрғысыз болып, жалған сезім шынайы махаббатқа жол бермейтінін шынайы өмірден көріп жүрміз ғой...      -Мен саған шын ғашық болып қалдым Гүлсағым, онымды қалай сендіремін саған?      -Оныңа менің көзімді жеткізуің керек. Мына қураған алдамыш өмірде, махабаттың да болашағы – бұлдыр, қараңғы түн сияқты. Адамдар бірін-бірі алдап өмір сүргісі келеді. Адамды түсіну – терең тұңғұйық шыңыраудан да күрделі ғой деп ойлаймын. Сені қашанға дейін түсінетініме көзім жетпей тұр Құттыблат жаным!       Қыз бен жігіт сыр шертісіп отырып, күннің ұясына отырғанын да аңғармай қалыпты. Көкжиек қанталағандай боп, қызылкүрең түске еніп, ағаш арасына қараңғылық қанатын жая бастапты. Құттыболат Гүлсағымның күңгірт көлеңке шөккен ортаны айдай аппақ ажары, жартылай ашық, тырсиған, төңкерген керден шыныдай қос анары сағым сәулесімен бозғыл іреңге бояп тұр. Жігіттің білегі қыздың алма мойнына асыла берді.      -Сабыр ет, қоя тұр Құтты болат, тым-тырыс тыныштықты күтелік, кешкі абыр-сабыр, ары-бері өтіп жатқан студеніттер, мұғалімдер, өзге де адамдарды көрмеймісің, есіней отырып-ақ, сезімімді достықпен махаббаттағы жүрек сырларын шертістік қой... Егде адамдардың жастарды әдепсіз санап, күндейтінінің, қызғаныштарының бәрін сықақтай отырып-ақ, құшақтасып, сүйісуге болар еді. Біраақ...- деп қыз қылықтана сықылықтап сыңғырлай күлді.       -Сен жүректің құпия қатпарларына көз жіберіп үлгіруге шебер екенсің Гүлсағым. Құшрарлықтың құбылыстарын да жіти қарап, көре алады екенсің. Өмірдің талай сырларын ұғыпсың әрине.Бұл жөнінде азап шекпей қалмайтыныңды да сезініпсің....       -Адам ақтық үмітке қалай қол артса, ол да саған солай қол артады. Оның арғы жағы сусыз, көгалсыз жапан түз, түнек шөлейт болып қалса не болғаны?Мұндай бақытсыздыққа тап болса не болғаны! Жат та өл!.. Басқа амал жоқ!..       Гүлсағым неге соншалық толқи тебіренгеніне Құттыболаттың көзі жетпеді. Өзін сабырға шақыра алмай, жүрек тебіренетін мұңды от запыраны жүрегіне лүпылдеп келіп, адамдар жөнінде буырқанған аялау мен жиреніш, мейірім мен өшпенділікті түптен терең суырып шығарғандай болып, бірнеше шумақ өлең жүрегіне ұялай бастады.      -Не ойлап кеттің? – деп Гүлсағым, құндыз бұттай қобыраған қара бүйра шашын жігіттің иығына жауып, көкірегінің тұсына маңдайын төседі. Бұл кезде ағаш арасына қараңғылық қоюлана түсіп, айнала тым-тырыс бола қалып, қыздың жас исі мен әтір исі қосыла аңқып, Құттыболат құшырлана қыздың үлбіреген аппақ тамағынан, оймақтай аузынан, өбуге бейім ұлпа еріндерінен шөпілдеп сорып сүйді. Жігіттің алғашқы махаббаты сол кештен басталып еді. Сондағы ыстық махаббаттың аптықпа әсерінен туған өлеңін осыдан үш күн өткен соң, Құттыболат Гүлсағымға Алматының ауашалау жеріндегі бір дәмханасында отырып жатқа айтып берді:                              -Етжүрегім елжіреп,                               Қтерлі жолды ашпауға.                               Келісермін күлімдеп,                               Арамдыққа баспауға.                               Әлемде сондай көп қатар,                               Алаңсыз жанға жақындап.                               Касапат барын ескертер,                               Жүргенін тажал қақымдап.          -Пай-пай, керемет ақын екенсің-ау жаным Құттыболат!..Тағыда барма?                                  -Жүргенін және жақында,                                   Бейғам жанды тербетер,                                   Соғуға сырттан қапыда,                                   Зар-мұң жоқта аты да.      -Түу!... Табылған сөз!..Нағыз поэзия!...Тағы бар ма?                                   -Кетеді ізсіз ол ойнап,                                   Ізіндей құмда аңдардың.                                   Әкеткендей жел айдап,                                   Тартамыз ауыр салдарын.         -Шындық-ау шіркін шырылдаған! Сұмдық ақынсың Құттыболат!                                   -Кей кезде қонып кеудеге,                                   Орнығар сайтан от жағып.                                   Жел кіріп шаттық пендеге,                                   Буырқанар өзен боп ағып.        -Нағыз ақынның айтары – осындай болмас па? Тағы да бар ма?                                   -Қайғы мен шер көңілге,                                   Төнеді қара долы бұлт,                                   Талпынып жүрек өмірге,                                    Толқыр ма онда ұлы үміт?!         -Сен маған шын ғашық екеніңді ақындық талантың арқылы дәлелдедің жаным!- деп Гүлсағым Құттыболатты құшақтай алып, аузына аузын жабыстыра қойды. Бір кезде барып, өлеңнің жалғасын оқуына мұрса берді.                                    -Неге кенет жаныңды,                                    Басады ұйқы зілмауыр?                                    Болжаусыз әлде қаныңды,                                    Тулататын күнді ауыр?                                    Айта алар ма екен кім біліп,                                    Сор маңдайды жуса жас,                                    Мөп-мөлдір болып орнығып,                                    Байланып ойға қара тас!...                                                   -Ой, бәле! Сен нағыз Пошкин, Байрон, өзіміздің ұлы ұлы ақынымыз Абайдың ізін басайын деп тұр екенсің. Сені сүймеген, саған ғашық болмаған қыздың махаббатын ит жесін! – деп Гүлсағым тағы да Құттыболатты құшағына қысып, жүрегінің тұсына тершіген маңдайын төсеп, күйрей күрсінді. Көзінің стық жасы жігіттің көкірегіне жылыстап барып, жып-жылы болып, жоси бастады.       Дәл сол күні кеште, Алматының Сайна көшесінің бойындағы бір жекенің қонақ үйіне Гүлсағымның бастауымен Құттыболат екеуі тұңғыш ірет төсектес болды. Қыздың да, жігіттің де, қуаныштары көкіректеріне симай, теңдессіз шаттыққа бөленді. «Мен алда-жалда Құттыболаттан жүкті болып қалсам, қалайда тірі сәби дүниеге келеді ғой, оны емізіп отырып! «сенің қаның басқа күріппа, шынын айтқанда, менің қан тобым бір басқа, баланікі бір басқа болып, шықса, күйші Құрмағазы ағаға не бетімді айтамын? Қаны басқа баланың әкесіне тартпайтыны шындық, ол кісіге өзінің қан тобына ұқсас ұл тауып беруге уада беріп, төсектес болып жүргенім өтірік емес қой? Енді қайтсем болар екен? Құттыболат маған өлердей ғашық болып қалды, менсіз өмір сүргісі келмейтінін айтады. Тұңғыш махаббртына арнап, керемет өлең де жазды. Қуанышы мен күдігі, арманы мен мұңы тоғысқан махаббат лирикасы дүниеге келді. Енді дүниеге сәби келсе, қайтуім керек? Мәңгілік махаббаттың шынайы өмірде болмайтынына көзім әбден жетті емес пе? Құттыболаттың маған ғашық болғаны да – мәңгілік махабат емес әрина...» деген ойға келді Гүлсағым.      -Ей, сен тезірек дайындалсаңше... әлде қандай қиял теңізіне батып кеттің? – деп Құттыболат үстіндегі киімдерін түгел сыпырып тастады.      -Шешем науқас еді, сол кісі түнде түсіме кірген, бірталайдан бері қалын сұрап, қасында болуға мұрсам болмаған. Соны қиялдап кетіппін ғой, - дей салып, Гүлсағым да апыл-ғұпыл шешініп, тырдай жалаңаштанып, төсекке шалқалап жата қалды. Жалаңаш әйелдің мұндай аппақ тәнін Құттыболат тұңғыш ірет көргені осы еді. Қыздың толықтау денесі сондай сымбатты екен, шатының арасындағы алақандай қара бүйра түкті жігіттің көзі шалылып, ақ тәнге көік беріп тұрғанына қызыға қарады. Ақ тәнге бір түрлі көрік беріп, күңгіт бөлменің сәніне көрік қосқандай. Қыздың шырайынан имену, ұялу, қымсыну,абыржу, тартыну дегеннің жылты жоқ. Жігіт қасына жатып, әрекетке келерде, қыз оң жақ борбайының тізесін жазып, сол жақ тізесін бүкті. Гүлсағым үйреншікті істейтін шаруасын істеп болып, көрпенің ішінде бір аз үнсіз, қимылсыз жатты. Жалаңаш денеден ып-стық жалын шашып жатқандай байқалды жігітке. Қыздың ернін ернімен іздеп тауып, асау жылқының да арынын басатын жігіт алақаны қыздың арқасына жабысып қалғандай болды. Бөлме іші де – үнсіз тыныштық жайлағандай еді. Үнсіз жақындасудан бұлар ынтыққан әрекетке көшті... Бір аз уақыт өткен соң, үнсіздік оқыс бұзылып кетті, «ойбай жаным!...» деп қалды қыз. Жігіт сезімі селт ете қалды. Теңселген төсек недәуір тербеліп барып басылды, тағы бір аз үнсіздіктен соң, қыз орнынан тұрып, жамылған көрпені өзінің үстіне орап алды, жалаңаш қалған Құттыболат, шап беріп көрпенің бір шетінен ұстай алып, өзінің үстіне тартты. Қыз көрпені оған жібере салып, орнынан тұрып кетті де, уаннаға кірді. Төсеншіге жасанды қан тамған жерін жігітке көрсетіп, көрпенің бір шетімен жаба салған. Ол енді апыл-ғұпыл жуынып, сүртініп, қайта келіп, төсекке жалаңаш қалпында жантая кетті.      -Не болды? – деп Құттыболат оның әрекетіне таңырқап қалды. Қызды құшақтап сүймекші болып еді, оның өнебойы өрт болып, күйіп тұр екен.      -Ештеңе болған жоқ, бақытты сәтіме өртеніп, қуаныштан күйіп кеттім!...      - Дәрігерге апарайын ба?      -Қызық екенсің! Недеп апарасың дәрігерге, ұят емес пе?!      -Сенің бақыттан, қуаныштан өртенгеніңді қалай түсінемін жаным?! – деп еді жігіт, абыржып.      -Мен де бірталайға келіп қалдым,заманның бүкіл өзгерісін, жақсы-жаманын әуелі әйелдер жақсы сезінеді. Осы күнде қыздар тиетін адал жігіттер табылмайды. Ал өмір бойы еркек көрмей өтуге қыздар шыдамайды. Сондықтан біздің тұңғыш жолығып, табысуымыз – екеуміздің ғана мәселеміз емес, бүкіл мемілекеттің мәселесі...       Жігіт қыздың сөзіне онша құлақ қойғысы келмей, оны тағы қысып құшақтап, ернінен емірене сүйді. Бүлік-бүлік етіп, қыздың ерні еркелік танытты.Соған еліткен еркек  қыздың ерке ернінен құмарта сора берді. Еркек аңсап, құмарынан шығуды армандайтын әйелдер туралы ертегіге ұқсап қалғанын жүрегімен түйсінді Құттыболат.      -Түу... тіпті түншіғып кеттім ғой жаным!... Енді қояйық, қонақ үйдің күтушісі жетіп келмесін, бөлмелерін босатып беретін уақыттан асып барады.       Әденендей бір секем жігіт жүрегін сыздатты. Қыздың сөз-әрекетінен бір түрлі жасандылық байқалғандай болды.      «Мына қыз мүлде басқа қыз болып бара ма өзі ? Өңінде ешбір өзгеріс жоқ, Бұрыннан еркектермен сүйісіп, төсектес болып әбден жаттыққандай бейнесі бар-ау өзінің!...Қызбен тұңғыш сүйісіп төсектес болдым, деудің орнына оның қуанышы өкінішке ұласып кетті ме немене?» деген ойға келіп, жігіт аузы буылып қалды. Қызға не дерін білмеді де, оның айтқанын орындап, қонақ үйдің бөлмесін босатып беріп, тиесілі ақшасын төледі де, шығып кете бергенде, қыз ауырушаң шешесін емдетуге ақша сұрады. Құттыболат оған қарызсыз қалтасындағы бар ақшасы 80 мың теңгені Гүлсағымға ұстата салды.      Құттыболат ол қызбан төсектес болып жолға салғаннан бері қыз бір ай бойы қарасын көрсетпеді. Оның қайда жүргенінен хабарсыз еді,бір күні Құттыболаттың ұялы телефоны дыбыс беріп еді, қалтасынан жедел алып, телефонын құлағына төседі, Гүлсағым екен.      -Шешем қатерлі іск ауруына тап болыпты, сол кісінің қасында болып, дәрігерге, емшіге көрсетіп емдетіп, есім шығып кетті де, сенімен хабарласа алмадым. Кешірерсің жаным! Сенің қасыңа жетіп баруға мұрсам болмағандықтан, қажетсіз мазалағым келмеген...      -Енді не айтасың? – деп еді Құттыболат, қыздың тамағына тас тұрып қалғандай қылғынып алып, сәл бөгеліп барып:      -Сенен қайта-қайта ақша сұрауға батылым бармай тұр, шешемді Астанаға апарып, үлкен дәрігерлерге көрсетіп ота жасатайын десем, қысқа жіп күрмеуге келмей, діңкелеп тұрмын...      Алғашқы махаббаты, тұңғыш ғашығының жыламсырап шыққан даусына жүрегінің мұзы ерігендей боған жігіт, қапелімде ойланып-толғана алмай, сасқалақтап қалды.      -Өзің маған келіп жолығып кет, - дей салды. Жүрегі ауыратын, елжірегіш адам, жүрегі ауырмайтын адамды қалай түсінуді білмейтіні сияқты, қыздың ауані тіліп шыққан шерлі даусы күңгіт естілгені – жігіттің жанына жара салғандай сезілді. Гүлсағым жігітпен телефонда сөйлескен соң, бұрынғы күйші қазіргі базар сағалаған саудагер Құрманғазыны көз алдына келтіріп, онымен қалай төсектес болғанын есіне түсірді. «Құрманғазы ағаға да шешем үлкен ауруға тап болды, Астанаға апарғалы жатырмын деп, ақша сұрап алғаным жөн болар, ол кісіге бір ұл тауып беремін деген уәдем бар емес пе? Оны орындау мүмкіндігім жоққой, бірақ... Кісі сөзіне сенгіш, жүрегі жұмсақ, жомарт адам еді... Жас бала сияқты оңай алданып қалады өзі. Жалған махаббатты – шынайы махаббат санайды. Ағаймен алғаш төсектес боғаным – керемет қызықты да, күлкілі болған ғой, естен кетпес оқиға...» деп өз-өзінен қағанағы қарық болып, сықылықтап күліп алды. Күйші саудагер мен қыздың алғаш төсектес болғаны – шынында күлкілі де, қызықты еді. Құрмағазының әкесі де халық күйлеріне құмар адам болған. Өзі де күй шығара алатын. Баласы дүниеге келгенде, күйші болсын деп ырым қып, ұлын Құрманғазы сияқты күйші болсын деп, атын әдейі ырым қып қойған. Егде тартқанда әрең көрген жалғыз ұлын өнерге бала кезінен баулып, орта мектеп бітірген соң, домбыра сыныбында оқытып, өнер саласында жұмысқа орналастырған. Бұл саладағылардың жағдайы қиындасып, тапқандары тамағына жетпей қалған кезде, Құрманғазы өнер саласынан бет бұрып, базардан дүңгіршек дүкен сатып алып, саудагер болып жүрген болатын. Қазір жасы алпысқа келді. Екі қызын құтты орнына қондырған. Әйелінің жасы да өзімен қрайлас, ұл таппады. Құрмағазының бар арманы да, уайымы да – бір ұлды болып, қарашаңырағына мұрагер ету еді. Ұлы болмаса, кім мұрагер болады шаңыраққа? Жатжұрттыққа жаралған екі қызынан да дені сау ұл бала дүниеге келмеген. Бір қызынан туған ұл бала Семейдегі полигонның кесірінен – туғалы салдану ауруына ұшыраған-ды. Күйші ішкі зар-мұңын бейнелеп, «Аққудың зары» деп күй де шығарған. Бір тойда сол күйін тойшыл қауымға шертіп отырғанда, Гүлсағым пайда бола қалып, Құрманғазыны да торына түсірген. Күйші түн ортасы ауғанда, той жасаған ауылдың  қонақ үйінде жалғыз жатып, ойына әрнәрсе орала берді де. Ұйқысы қашты. Бұл күнгі той – сүндет тойы болатын. «Әттең, менің де ұлым болса, сүндет тойын дүрілдетіп жасар едім-ау! Жиған дүниеме, шығарған күйлеріме,  шаңырағыма мұрагерім болмаса, неге керек ол?! »деген ой күйшіні бір соғып өтті. Кешкі тамашаның алды тарар кезде, бір әдемі қыз Құрмағазының қары алдына келіп орыра қалып:       -Аға, мен, сіздің күй шерту талантыңызға тәнті болып қалдым, бір халық әнін айтайын деп едім, сіз домбырамен сүйемелдеп берсеңіз қайтеді?- деп жабыса қалды.      -О, жарайды қарағым! – деп күйші домбырасын қолына қайта алды. Қыз, халық әндерінен махаббатқа қатысты біреуін айтып еді, Құрманғазы қыздың бетінен сүйіп:      -Тағы бір ән айтшы қалқам, даусың тұнық екен!... – деді. Қыз бөгелмей, Абайдың «Айттым сәлем қамқас» ән-өлеңін айтып, күйші домбырада сүйемелдеді. Бұл жолы қыз тартынбай:        -Аға, мен, сіздің бетіңізден сүйюге құштар болып қалдым, сіздің арқаңызда екі ән айтып, жұртқа танылып қалдым, - деп еді, қымызға қызара бөртіп отырған жұрт:       -Сүйсін Құреке, бетіңізден! Жүйелі сөз... – десіп дүр ете түсті. Сол-ақ екен, қыз орнынан жібектей созылып барып, Құрмағазының оң жақ иығына шынтақтай сүйеніп тұрып, оның бурыл тартқан мұртының үші мен құлағының ортасындағы ажым сызығы жол тартқан жеріндегі бетінен шоп еткізіп сүйіп алды. Күйшінің жүрегіне сезімнің күйікті отын найзағайдай жарқылдап тастап кеткендей сезілген.Құрманғазы қонақ үйде жалғыз жатып әлгі қызды көз алдына келтіріп, күрсініп қойып, көзі ілініп кетіп еді. Біреу оның жамылған көрпесінің шетінен тартқандай болды. Сезімтал күйші солай қарай аунап жатты.      -Аға, мен ғой, - деді таныс дауыс өзеуреп естілып. Қыз көрпенің шетіне қолын созып, аққудың жазылған қанатындай болып жазылған ақ көйлектің етегі сусып, көрпенің сыртында қалды да, өзі күйшінің қойнына сужыландай сусып сып етіп кіріп кетті. Талайды көрген қарт күйші де кетары демеді.      -Қалқам-ау, тойшылардың ішінен қалай бөлініп келдің менің қасыма? –деп еді Құрманғазы сыбырлап.       -Тамаша тараған соң, менің де шаруам бітті аға... Сіздің күйіңізге де, өзіңізге де ғашық болып қалдым ғой, соның күйігі ақыры сізге жетелеп келді аға жан мені! .. Тартқан күйіңізді алғаш естігеннен-ақ, арманым болдыңыз. Енді өмірімнің соңына дейін арманым болып өтерсіз менің!...      Талайды көріп, талай әйелдің қызығына рақаттанған қарт еркек, бұрын мұндай батылдықты әйел затынан кезіктірмеген. Қайтерін білмей, бір аз кідірді де, қызды құшағына тартты. Аққудай аппақ дене үй ішінің күңгірт қараңғылығында бір жарқ етті де, көрпенің ішіне толық сұғына қалып еді, кйші сәл сырғып, қызға орын босатты. Кеудесін көтеріп, тыныстап алып, ақшаңқан аққудың көгілдірдей қыздың аппақ төсі тағы бір жарық етіп, ақжайықтың толқынындай бір көтеріліп, бір басылып жатыр екен. Дауылды күнгі бұлытты қақ жарған қыранша шүйілген еркек толқынды кеудеге көміле кетті... Шынында бұл қыздың міндеті орындалып, арманына жеткен соң, күйшінің қасынан ұрланып шығып бара жатқанда, «Мені пайғамбар жасына келгенде, қандай сайтан қақты! Бұл не, махаббат па?! Сор ма?! Әлде аспаннан ағып түскен жұлдыз ба менің бақытым болып? Бған қыз кіналі ме, мен бе?» деп күйші кімді айыптарын білмей, өзі де аңғармай, қыз шығып кеткен есіктен талайға дейін көзін алмай жатты.      Құрмағазы мен Гүлсағымның төсектес болуы, сол күннен бастап, орайы келгенде жалғасып тұрды. Қыз күйшіге тоқал болуға да мақыл болды. Бірақ Құрмағанғазы құдай қосқан қосағының көзі тірі екенін, оның жасы да ұлғайып қалғанын еске алып, оны жалғыз тастап қойып, жас тоқалға мойын бұруға адамгершілік  ары жібермеді. Оның бержағында, Қазақстанда көп әйел алу заңда қарастырылмаған. Оның әйелі тәрбиелі адам, ұзатқан қыздары бала-шағалы болды. Олар Құрманғазының тоқал алуына қосылмайды. Сол себепті Гүлсағыммен заңсыз көңілдесі есебінде жолығып тұрмақ болған. Ал Гүлсағым онымен жолыққан сайын, қилы-қилы қиыншылығын айтып, қомақты ақша сұрай береді. Бұлар табысқалы екі жыл өтсе де, ұл тауып бермек болған уадесін орындай алмады. Күйшіні дел-срл күйге салып қойды. Гүлсағымның қарт күйшімен төсектес болып, оның қалтасын қағып жүргенін, өзіне тағы ғашық болған ақын жігіт Құттыболатқа сездірмеген. Оған сүттен ақ, судан таза болып жүрген қыз тәнін сатуды қалада да, далада да жалғастыра берді.       Ал Құттыболаттың жерлес досы Тәттіболат, Құралай деген Алматылық суретші қызбен оның сурет көрмесінде танысып қалып, онымен сырласа, түсінісе келіп, соған ғашық болып қалды ол. Құралай да теріс кетпеді. Оның сызған суреттері – көшпенділердің ерте замандағы өмір-тіршілігі, қазбалардан шыққан жер астында қалған бағал дүниелер, ол қалалардың қай заманда салынып, қандай ғылым-техника қуатымен өркен жайғанын байқататын нәрселер, түсті металдар мен – алтынмен апталып, күміспен күптелген зергерлік бұйымдар, аса құнды отбасылық бұйымдар көбірек көрнектіленетін. Тәттіболаттың әкесіАйтқазының тау-кен инженері екенін естіп, сол кісіден Қазақстанның ұлы даласындағы таулардың қай жерінен қазбаларға қатысты жаңалықты ұғынып түруға құмартып қалды.       Бір күні Құралай Тәттболатты өзінің сурет салатын бөлмесіне шақырып, екеуі махаббат жөніндегі көзқарастарын айтысып, ұзақ сырласты. Құралай ұлы ақын-жазушылардың кітаптарын көбірек оқиды екен. Бөлмесіндегі кітап сөресінде дұнние әдебиетінің атасы атанған Л.Толыстойдың, Нобел силығының иегері Шолоховтың, Ұлы ақын Абайдың ,ұлы жазушы М. Әуезовтың, ұлы ақын Пушкин, Есениннің шығармалары бас қосыпты.      -Сен, көркем шығармалармен де айланысасың ба? – деп сұрады Тәттболат суретші қыздан.       -Әдебиет пен өнер –туыстас, қандас адамдар сиқты ғой, мен сурет салу үшін – еліміздің, ұлы даланың тарихын, ұлы даламызда жасаған халқымыздың ерте заманнан бергі өмір-тіршілігін, сллт-дәстүрін,ғұрып-әдетін, наным-сенімін білуім керек емес пе?- деді суретшы қыз Құралай.       -Мен, саған ғашық болудың алдында, сенің сурет көтмеңдегі суреттеріңе ғашыөқ болып қалдым, -  деп күлді Тәттіболат.                        -Бәсе, менің сурет көрмеме келмесең, ондағы салған суретімді көрмес едің, онда мені қайдан білесің сен?Өз халқының, ұлы даласының құнды дүниелеріне ғашық болмаған жігітті мен де сүймес едім.        -Мен әдебиетші де, өнер адамы да емспін ғой, сенің маған ғашық болғаныңа, сенерімді де, сенбесімді де білмей тұрмын Құралай.       -Ол недеен сөзің? Махаббат пен касіпті бір шыбықпен айдауға бола ма? Ғашық болған адамды қалай бақытты етуді білмеген адамды махаббатқа опалы болады деп, айта алмаймын. Сен оған алай қарайсың?      -Сенің бақытсыз адамның сөзін сөйлеп қалатының бар екен, Мүмкін бірер еркектен алданған шығарсың?      -Еркектен алданбадым, бірақ алданып қалмаудан сақтанып жүрмін.      -Алданып көрмесең, еркекке алданбаудың айла-тәсілдерін қайдан білдің?      -Өмірден, оқыған кітаптарымдағы кейіпкерлердің тағдр-тәлейінен, образдарынан танып білдім. Өзімді ғана емес, сүйген жарымды қалай бақытты етуді білер едім-ау! Қалай сақтар едім мен сені өзгеден.       -Бақытты болу, болмауды тағдырдың өзінен көрер едім мен, маңдайға жазылған тағдырдан қалай қашып құтыласың?       -Еркек пен әйелдің арасында махаббатпен қанаттас достық та болуы қажет меніңше. Ал олардың арасындағы достық деп, аталатынның өзі де махаббаттың бастамасы, я сарқындысы, немнсе ең ақырында махаббаттың нақ өзі дейтідерінің себебі де осыдан болса керек.      -Құралай, сен, Пошкинді, Байронды қазақшасынан оқып жүрген шығарсың, демек ақын тілінің әсемдігі де, қуаты да аудармасында жойылып кетеді. Ойлап көрше өзің, аударманың тілі қандай солғын, өңсіз. Әй, бейшара тіл! Аударма тек ұлы ақындардың аруағы ғана. Идиялары бейне бір су ішінде сұйылып кеткен нәрсе сияқты, - деп басын шайқады Тәттіболат. – Екіншіден саған Пошкин, Байронды қазақшасынан оқымауға кеңес берер едім. Олардың аударма өлеңі енді сенің жан-жүрегіңдегі бірер қылды шертіп оярып жіберуі мүмкін. Ол өлеңдерді оқымаған болсаң,  бәлкім ол қылдар өмір бойы үн шығармай, жата берермеді, қайтер еді?      Бір сөзінің салмағын арттырғысы келгендей, ойланып қалды Тәттіболат.      -Сенің ұлы ақындар туралы түйсік, көзқарасың қызық екен, е! – деді Құралай тамсанып.     -Пошкин, Байронды қазақшасынан оқып қайтесің? Ал сен тектен-текке өзің тіленіп, толқындар мен дауылдарға ұрынып қал ма. Өмірге күлімдей

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.