Ермұрат Бапи «Ақиқат» ЖСДП партиясы басшылығынан кетті

Алмас Нүсіп - 06.09.20191653

«Ақиқат» ЖСДП-ның төрағасы Ермұрат БАПИ орнынан кетті. Жаңа басшы – Асхат РАҚЫМЖАНОВ. Бүгін Алматыда өткен партия съезінде саяси ұйым басшыларына сенімсіздік мәселесі талқыланды.

Ермұрат Бапиды партияластары Парижге бір топ белсенділермен Қазақстанның экс-премьер-министрі Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН және Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИМЕН кездескенін айыптаған.

ЖСДП партиясын 12 жыл басқарған саясаткер Жармахан ТҰЯҚБАЙ 2019 жылдың сәуір айында қызметінен кетіп, Ермұрат Бапи сайланған еді. Ермұрат Бапи белгілі қоғам қайраткері, «DAT» жобаларының авторы.   

Фото:azattyq.org

Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.