Ермұрат Бапи: Партиядан билік кетірді

Қанат Тілеухан - 06.09.20193144

Менің партия басшылығынан кетуім биліктің араласуымен болды. Елдегі жалғыз оппозициялық партия шаруасы бітті. Бұл туралы «Жас АЛАШ» тілшісіне «Ақиқат» ЖСДП партиясының экс-төрағасы Ермұрат БАПИ мәлімдеді.

«Менің партия басшылығынан кетуім биліктің араласуымен болды. «Ақиқат» ЖСДП-ны   азаматтық қоғамға алып келе жатқам. «Оян, Қазақ» және бақылаушылармен жұмыс істелініп жатыр еді. Бақылаушылар армиясымен партияны қоспақ едім. Партияның ішкі  жұмысына билік араласты. Менің ырың-жырыңмен жүруге ар-ұятым жібермейді. Бар мақсатым осы партияны сақтау, азаматтық қоғаммен бірлесіп  протестік қозғалыс орнату еді. Парламентік сайлауға дайындық жүргізіп жаттық. Төрағалыққа таласқым келмейді. Олар білгендерін істесін. Бір нәрсеге өкінем. Елдегі жалғыз оппозициялық партияны құртты. Ешкім енді бұларға сенбейді. Бәлкім билік алдағы парламентік сайлауда партияға 10-15 пайыз беретін шығар. Мен билікпен ымыраға баратын болсам Ұлттық кеңеске кірер едім», - деді Ермұрат Бапи «Жас АЛАШ» тілшісіне.

Бүгін Алматыда «Ақиқат» ЖСДП партиясының 15-съезі өткен еді. Ол жерде төрағаға сенімсіздік мәселесі талқыланды. Партия мүшелері Ермұрат Бапи мен бір топ белсенділердің 2019 жылдың 20-12 мамыр күндері қуғындағы оппозициялық саясаткер, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан ҚАЖЫГЕДИН және Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВПЕН кездескенін сынға алды.

Ермұрат Бапи тоқсаныншы жылдардың соңынан бері елдегі саяси-қоғамдық өмірге белсене араласып келе жатқан қоғам қайраткері. «DAT» жобаларының авторы. Партияны 12 жыл басқарған саясаткер Жармахан ТҰЯҚБАЙ 2019 жылдың сәуір айында қызметінен кеткесін төраға болып сайланған еді. Саяси ұйымның жаңа басшысы – Асхат РАҚЫМЖАНОВ болды.   

Фото: holanews.kz

Мақала авторы:

Қанат Тілеухан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.