Мәскеу билігі адамның бет-жүзін танитын камераларға 260 миллион рубль жұмсайды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 07.09.2019523

Мәскеу мэриясы наразылық акциялары кезінде адамның бет-жүзін танитын бақылау камераларын орнату үшін "Ситроникс" компаниясымен келісім-шартқа отырды. Бұл ақпаратты қалалық ақпараттық технология департаменті басшысының орынбасары Александр Горбатькоға сілтеме жасаған "Ведомость" басылымы хабарлады. Жоба құны - 260 миллион рубль.

"Ситроникс" камераларды орнатып тексереді, құқық қорғау органдарына оқиға орнынан тікелей эфирде хабар алуға көмектеседі. Бұған қоса, камераға түсірілген материалдарды жіберіп отырады.

Бұған дейін мұндай тәжірибе тек ерекше жағдайларда мысалы, қала күнін атап өту немесе Жеңіс күнін тойлау кезінде қолданылып келген.

Мамыр айында Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалада адамның бет-жүзін танитын екі жүз мың камера орнатылғанын хабарлаған. Егер бұл жоба толық жүзеге асса, Мәскеу камералармен мұқият бақыланатын Қытай қалаларынан кейінгі екінші аумаққа айналмақ.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.