Жастар театры халықаралық фестивальде жүлде алды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 19.11.2018375

Биыл қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толады. Осыған орай Қырғызстан президенті ұлы жазушының мерейтойын халықаралық деңгейде өткізу туралы жарлық шығарған. Осы жарлыққа сәйкес ұйымдастырылып жатқан халықаралық деңгейдегі «Шыңғыс Айтматов және театр-2018» фестивалі өтті. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Италиядан келген театрлар қатысқан фестивальдегі басты шарт – спектакльдер Шыңғыс Айтматов шығармалары негізінде қойылуға тиіс. Бішкектегі Токболот Абдымомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық театрында өткен өнер тойына Қазақстанның атынан Астана қаласындағы Жастар театры барып қайтты. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 2007 жылы ғана құрылған Астана қалалық Жастар театрының ғұмырнамасында Шыңғыс Айтматовтың орны ерекше. Өйткені, осы жылы 5 шілде күні театр тұңғыш шымылдығын Шыңғыс Айтматов пен Әбіш Кекілбайұлының «Шыңғысхан» спектаклімен ашқан. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың режиссерлігімен қойылған бұл әфсана жазушының биылғы тойына тарту ретінде Бішкекке барып қайтты. Қойылым «Шыңғыс Айтматов және театр-2018» фестивалінің «Үздік қойылым» номинациясы бойынша жүлделі 1 орын иеленді. Жазушының 90 жылдық мерейтойында топ жарған «Шыңғысхан» 2010 жылы Орта Азия мемлекеттерінің III Халықаралық театрлар фестиваліне қатысып, «Үздік режиссура» аталымы бойынша бәйге алған. Сонымен қатар, осы фестивальде «Үздік Шыңғысхан рөлі» номинациясы бойынша актер Әділ Ахметов (Шыңғыс ханның ролін ойнаған) жеңімпаз деп танылған еді. Сондай-ақ, 2016 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) 25 жылдығы қарсаңында Белоруссияның Брест қаласында өткен «Белая Вежа» ХХІ Халықаралық театрлар фестивалінде де «Ең әсерлі қойылым» («За зрелищное воплощение поэтических притчи») аталымын жеңіп алған болатын.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды