Путин: Ғарыш кешеніне Назарбаевтың есімін беру керек

Асмира Ермекқызы - 07.09.20191398

"Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешеніне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ есімін беру керек. Бұндай ұсынысты Ресей Федерациясының президенті Владимир ПУТИН жасады. Бұл туралы «Жас АЛАШ» РИА НОВОСТИ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ мен Кремль басшысы Владимир Путин Мәскеуде ВДНХ-дағы жаңартылған «Қазақстан» павильонына барды. Сол жерде Роскосмос басшысы Дмитрий РОГОЗИН мен Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ екі жақ бірігіп салып жатқан кешен туралы баяндады.  

Ресей президенті кешеннің атауы неге "Бәйтерек" деп сұрағанда, Назарбаев мағынасы "өмір ағашы" екенін түсіндіріп, бәйтерек туралы қазақ аңызын айтып берді.
"Одан да "Нұрсұлтан" деп атайық. Бұл жобаны жасаған сіз ғой", - деп ұсыныс айтты Путин. Ал Назарбаев жобаның "Ресей мен Қазақстанның серіктестігі арқасында жүзеге асып жатқанын және оның ғарыш саласын жаңа деңгейге көтеретінін" атап өтті.
Нұрсұлтан Әбішұлы: "Нұрсұлтан" емес, басқаша атайық, "Назарбаев" болсын", - деді. Путин келістік деп қысқа қайырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанның экс-президенті Ресейге ресми сапармен келген болатын.    

Фото: mk.ru

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

серикбай 08 Қыркүйек, 2019

путин Москваны назарбаев деп қоятын шығар назарбаевта ұят жоқ екен оның атымен қойылмаған не қалды тоймайды

Жауап беру