Ресейде алғашқы сайлау учаскелері ашылды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 08.09.2019427

Бүгін, 8 қыркүйекте Ресейде түрлі деңгейдегі алты мыңнан астам сайлау өтпек. Жаңа губернатор, қалалық мәслихат депутаттары, қала басшыларының есімдері белгілі болады.

Алғашқы сайлау учаскелері 8 қыркүйекте таңертеңгі сағат 8-де Чукоткада ашылған. Бұл аймақта тұрғындар әкімшілік орталық - Анадырь қаласының басшысы мен қалалық парламент депутаттарын сайлайды.

Сайлауалды кезеңде Мәскеуде жаппай наразылық акциялары өтіп, тұрғындар тәуелсіз кандидаттарды қалалық дума сайлауына жіберуді талап етті. Шілде айының соңынан бері әр сенбіде өткен акциялар кезінде бірнеше мың адам ұсталды.

"Коммерсант" басылымының жазуынша, Санкт-Петербург пен Астрахань облысында сайлау күрделі жағдайда өтпек. Мұнда сайлауға тұрғындардың тек 11 пайызы ғана қатысуға ниет білдірген және сәйкесінше кандидаттар саны да аз.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.