Байқоңырдағы ғарыш кешеніне Назарбаевтың аты беріледі

Айман Сағатай - 08.09.20191790

Ресей президенті Владимир ПУТИННІҢ ұсынысы жерде қалмады. Енді Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ есімі Ресейге жалға берілген Байқоңыр қаласындағы нысанға да берілетін болды.

Байқоңыр ғарыш айлағында салынып жатқан "Союз-6" және "Союз-5" орта және жартылай ауыр класстағы зымыран-тасығыштарын ұшыратын зымыран-ғарыш кешені Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ атымен аталады.  

"Старт кешені "Назарбаев бастауы (немесе "старты")" деп аталады", - деп хабарлама таратты Роскосмос.

Кеше Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ мен Кремль басшысы Владимир Путин Мәскеуде ВДНХ-ғы жаңартылған «Қазақстан» павильонына барды. Сол жерде Роскосмос басшысы Дмитрий РОГОЗИН мен Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ екі жақ бірігіп салып жатқан кешен туралы баяндаған-ды.  

Ресей президенті кешеннің атауы неге "Бәйтерек" деп сұрағанда, Назарбаев мағынасы "өмір ағашы" екенін түсіндіріп, бәйтерек туралы қазақ аңызын айтып берді.
"Одан да "Нұрсұлтан" деп атайық. Бұл жобаны жасаған сіз ғой", - деп ұсыныс айтты Путин. Ал Назарбаев жобаның "Ресей мен Қазақстанның серіктестігі арқасында жүзеге асып жатқанын және оның ғарыш саласын жаңа деңгейге көтеретінін" атап өтті.
Нұрсұлтан Әбішұлы: "Нұрсұлтан" емес, басқаша атайық, "Назарбаев" болсын",- деді. Путин келістік деп қысқа қайырды.

Фото: videosite2.ru

Мақала авторы:

Айман Сағатай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.