Дональд Трамп "Талибанмен" келіссөзді тоқтатты

Дерек көзі: www.azattyq.org - 08.09.2019340

Кабулдағы терактіден соң АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстан президенті және тәліптермен кездесуден бас тартты. 8 қыркүйекке жоспарланған кездесу Вашингтон маңындағы Трамптың "Кэмп-Дэвид" резиденциясында өтуі тиіс болған.

Кабулдағы шабуылды "Талибан" террористік ұйымы мойнына алды. Осы аптада Ауғанстан астанасында болған жарылыстан 12 адам қаза тапқан. Олардың арасында бір америкалық сарбаз болған.

Трамптың сөзінше, жоспарланған кездесу жайлы ешкім білмеген. "Талибан" жетекшілері мен Ауғанстан президенті "Кэмп-Дэвид" резиденциясына шақырылған. Трамп терактіден соң қозғалыс өкілдерімен келіссөзді тоқтатқанын хабарлады.

Сарапшылардың пікірінше, 11 қыркүйек күнгі қайғылы оқиғаны еске алу қарсаңында ауған тәліптерінің АҚШ-қа келуі резонанс тудырушы еді.

CNN телеарнасының әскери сарапшысы Джон Кербидің ойынша, АҚШ президентімен кездесу "Талибанға" қызметін "заңдастыруға" көмектеседі және қозғалыс үшін бұл ірі саяси жеңіс болушы еді. Сарапшы бұл оқиға сонымен бірге ауған үкіметінің легитимдігіне нұқсан келтіреді деп болжаған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.