Ертісбаев: Әблязовтың арманы - революция

Қайсар Қауымбек - 08.09.20193609

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бұрынғы көмекшісі Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ соңғы кездері болып жатқан митингілерге қатысты пікір білдірді. Экс-елші informburo.kz сайтына берген сұхбатында өз ойын ортаға салған. 

Ертісбаевтың пікірінше барлық елде протест білдіретін электорат бар. Алайда Қазақстанда орта класс барда революция болуы мүмкін емес. "Сондай-ақ, Ұлттық қорда 80 млрд доллар бар. Мен елші болған Грузия халқының 99 пайызы кедей тұрады" деді экс-елші. Ермұхамет ҚАБИДЕНҰЛЫ Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған ҚДТ (ДВК) қозғалысы мен оның басшысы Мұхтар ӘБЛЯЗОВҚА қатысты пікірін де білдірді. 

«Әблязовке қазақстандық «аспан жүздігі» керек. Қан төгілісін деп халықты алаңға белсенді түрде шақырады. Мен әділет министрлігімен келісемін. ДВК – экстремисттік ұйым. Олар Нұр-Сұлтанда 50 мың, Алматыда 100 мың адамды көшеге шығару керектігін айтады. Президент резиденциясы мен әкімдікті қолға алсақ, полиция біз жаққа өтеді дейді. Бұл мемлекеттік төңкеріске ашық шақыру», - деді саясаткер өз сұхбатында.   

Қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов ҚДТ қозғалысын 2001 жылы Ғалымжан ЖАҚИЯНОВ, Ораз ЖАНДОС сынды саясаткерлермен бірігіп құрған еді. Бұл ұйымның қатарында Серікболсын ӘБДІЛДИН, Зәуреш БАТАЛОВА, Төлен ТОҚТАСЫНОВ, Қайрат КЕЛІМБЕТОВ, Жанат ЕРТІЛЕСОВА, Берік ИМАШЕВ сияқты азаматтар болған.

Фото: gorkiv.by



Мақала авторы:

Қайсар Қауымбек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.