АҚШ пен Түркия күштері Сирияда бірге шолғынға шықты

Дерек көзі: www.azattyq.org - 09.09.2019230

АҚШ және Түркия қарулы күштері жексенбі, 8 қыркүйекте Сирияның Евфрат өзенінен шығыс аймағындағы аудандарында алғаш рет бірлесіп шолғынға шықты. Түркиялық Anadolu агенттігі бұл аудандарда "қауіпсіздік аймағы" құрылатыны туралы хабарлады.

Түркия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, құрлықтағы бірлескен операцияға түріктің Акчакал ауданынан Сирияға барған алты беренді техникасы қатысқан. Операцияға байланысты жоспарымен алмасқаннан кейін екі елдің әскерилері Сирияның солтүстігіндегі Телль-Абьяд қаласына бет алған. Түркиямен шекараға қайта оралған кезде шолғын тобына әуеде тікұшақтар мен әскери дрондар ілесіп ұшып жүрген. Шолғын операциясы үш сағатқа жуық уақытқа созылған.

АҚШ пен Түркия тамыздың басында Сирияның солтүстігінде "қауіпсіздік аймағын" құру туралы келісім жасасқан.


Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.