Өскеменде 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Жанболат Сaнияз - 10.09.2019729

Өскеменде 11 сыныптың оқушысы өзін-өзі өлтірмек болды. Облыс орталығындағы мектептердің бірінде оқитын оқушы қыз Ертіс көпірінен секіріп кетпекші болған. Аталған жайтқа байланысты қалалық полиция басқармасына хабар бірінші жеткен. 

Шақыру қоңырауы шалынған сәттен жедел қимылдаған ішкі істер органының қызметкерлері мен төтенше жағдайлар басқармасының мамандары оқиға орнына бірден жеткен. Бірақ өз өмірін қиғысы келген қызбен тіл табысу алғашында мүмкін болмаған. Жарты сағаттай уақыт келіссөз жүргізуге тырысқан тәртіп сақшылары 16 жастағы оқушыны аман алып қалды.

Өскемен қалалық полиция басқармасы: 

"Қазір бұл жағдай жан-жақты тексеріліп жатыр. Оқушы қызбен психолог мамандар сөйлесіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары басталды. Қылмыстық Кодекстің 105 бабы 3 бөлімі бойынша іс қозғалды", деп, ақпарат таратты.

Фото: sputniknews.kz

Мақала авторы:

Жанболат Сaнияз

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.