Жас ақынның арнауы: Жолдауды оқу – ұлылықпен тыныстау

Ербол Ілияс - 10.09.20192773

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жолдауына Алматы облысының жас ақындары да қолдау білдіруде. Алакөлдік жас ақын жолдауға қолдауды өлең арқылы білдіргісі келіпті. Жолдауға арналған өлең жолдары өңірлік 7-su.kz (облыстық «Жетісу» газеті) сайтында жарияланды. 

Өлең авторы Қадырсұлтан НҮСІПХАН Алакөл аудандық "Jas Otan" жастар қанатының мүшесі екен.

Президент лауазымына кіріскелі алғашқы рет халыққа жолдау жасаған  ТОҚАЕВҚА арнап бұған дейін "Темірқазық" әні жазылған. Оның мәтінін Назарбаевтар отбасына өлең жазумен көпке танылған Балтабек НҰРҒАЛИЕВ, әнін Әбдіғаппар ТЕМІРХАНОВ жазып, Дәурен ТАШЕНОВ орындап шыққан болатын.

Ал, сол жолды жалғап, президент жолдауы шабыт берген жас ақын Тоқаевтың жолдауын оқып шыққанын алға тартады. Ол өз өлеңінде «Жолдауды оқу – ұлылықпен тыныстау» деген ой айтады. "Жас АЛАШ" оқырмандарына жас ақынның өлеңін түгелдей ұсынуды жөн көрдік.

Президенттің оқып шығып Жолдауын,
Көрсетсе екен әрбір адам қолдауын.
Елім аман, жұртым тыныш болса ғой,
Жат біреулер жасамасын қорлауын.


Президенттің оқып шығып Жолдауын,
Еңбегінің ел тілесін оңдауын.
Ана тілің асқақтайды, ағайын,
Сезінерсіз шын ғажаптың орнауын.


Президенттің оқып шығып Жолдауын,

Байқамаймын көңіліңнің толмауын.

Адал еңбек ертең сыйлар жемісін,
Жемқорлықтың үз ертерек торлауын.


Президенттің оқып шығып Жолдауын,

Көрсең еді көңіл гүлі солмауын.

Уа, ағайын, үзілместен  ұлы көш,
Біз тілейік сәтсіздіктің болмауын.


Президенттің оқып шығып Жолдауын,

Әрбір адам жасап жатыр қолдауын.
Міне, осындай ұлылықпен тыныстап,

Жарқын күнге жетелеуде жолдарым.

Жас ақын Қадырсұлтан НҮСІПҚАН 1987 жылы ҚХР Алтай аймағы, Шыңгіл ауданында дүниеге келген. Халықаралық  ұстаздар одағының мүшесі. «Суретшілер тілі» кітабының авторы. Қазір Алматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылында тұрады.

Фото және өмірбаян: adebiportal.kz

Мақала авторы:

Ербол Ілияс

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?