Қызылордадағы зауыт басшысы: Қытай тілін үйренсеңдер ақша берем

Абай Нұржанұлы - 11.09.20198222

Қызылорда облысында цемент өндіретін қытай зауытындағы жергілікті жұмысшылар да әлеуметтік теңсіздіктің зардабын тартып жатыр. Құнарсыз ас, мардымсыз жалақыға шағымданған бір топ жұмысшының бейнежазбасы желіде тарап жүр. Онда тіпті зауыт басшысы қазақ азаматтарына қытай тілін үйренсеңдер ақша беремін деп үгіт жүргізгені де айтылған.

- Упаковкада шаң болады. Бізге экологический төленбейді. 42 мың оклад. Айран беру керек. 8 балаға 2 баклажка айран беріледі. Ол не болады? – дейді бейнежазбаға түскен жұмысшылардың бірі.

Бір сөзбен алпауыт зауыттағы тынымсыз тірлік емес, мұндағы жұмысшыларға жағдайдың жасалмауы титықтатады дейді бір топ азамат. Жұмыс уақыты аяқталғанша әбден шаңға бататын жұмысшыларға зауыт ішінде жуынатын жер қарастырылмаған. Оның үстіне зауытта берілетін астан ауру тапқандар да бар деп қапалы. «Кешкі ас, обедтерінің сапасы өте нашар. Балалар ауырып қалып жатыр. Ауырған жігіттер де бар. Скорый шақырдық осы жаққа», дейді.

Ал зауыт басшысы қазақ жұмысшыларын балаға кәмпит беріп алдағандай қытай тілін үйретпекші болған көрінеді.

«Мың сөзге 40 мың беремін дейді. Оны осындағы ген. директор айтты».

Маңдайшасында «Қытай қуаты» деп тек ағылшын, қытай тілінде жазылған Шиелідегі цемент өндіретін зауытқа арнайы бардық. Бірақ, желідегі жазбада шағым айтқан жігіттердің мәселесін өз ауыздарынан тыңдағымыз келгенімен, олардың бірін де табу мүмкін болмады. Зауыт басшыларының сөзінше ол азаматтардың бүгін жұмысқа түсетін ауысымы емес екен. Ал зауыттағылар бейнежазбадағы мәселермен таныспыз дейді.

- Интернеттегі мәселеге байланысты... Тамақ мәселесі күнделікті үш мезгіл стандартқа сәйкес беріледі. Ал одан бөлек қазір уақытша жуынатын жер жасалып жатыр. Біздегі барлық еңбекақы Қазақстанның заңымен бекітілген еңбек өлшемімен беріледі, - дейді «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС өндіріс бөлімінің директоры Фу МИНГ.

Зауыт басшылары осы мәслелерді жергілікті әкімдіктегілер де тексерген деп отыр. Ал былтыр іске қосылған «Гежуба Шиелі Цемент» қытай зауытында бүгінде 200-ден аса маман бар. Олардың 47-сі қытай азаматтары.

Фото: inform.kz

Мақала авторы:

Абай Нұржанұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

серикбай 12 Қыркүйек, 2019

іштен шыққан жау жаман қытайлар қайдан біледі тексеріс бара жатқанын бір жумысшыға бөлінген қаржының 70 % қазақстанның сол жердегі отырған биліктегілердің қалтасына түседі сосын қытайлар де басқалар да жергілікті жұмысшыларды адам есебіне санамайды

Жауап беру

Meiirbek ZHANGABAYEV 12 Қыркүйек, 2019

Ассалаумағалейкум баршаңызға, 2005 жылы ау дим, Қызылорда облысы, Құмкөл кенішіне қытайдың БГР деген геофизикалық компаниясы келіп жұмыс істей бастады, сол кездегі компания басшысы айлық тағайындады 180 мың теңге 1 жұмысшының айлығы деп, кездесуге обл әкімгершіліктен адамдар келген, солар жұмысшылардың айлығын естіп шошып кеткен, ешкім әлі алмаған ол кезде жалақыны. Содан әкімгершіліктегілер тапсырма берген 56 мың теңгеден аспайтын болсын деп, қытайларға жақсы емес пе, содан 1 жұмысшының айлық жалақысы 56 мың болып бекітілді. Бар бәле өзімізден, өзіміздің үкімет басындағы шенеуниктерден, солар талап қою керек, жұмысшының айлығы мынадай болу керек деп. Ал біздің көкелердің өздерінің тамағы тоқ болса болды, шырылдап халықты ойлап жатқан адам шамалы ақ, олардың өзі қалтасына бірдеңе тығып жіберсе ауыздарын жаба қалады. Ал бергенін алмаса, ешкімге көнбей қойса, тыңдайтын адамнын тауып соған айтқызады, амал жоқ сосын ауызын жабады. Бұндай жағдайды барлығымыз естіп, көріп жүрміз. Сол БГР де де осы іспеттес мәселелер болған кезде, көзіміз жетті. Обл еңбекті қорғау жөніндегі департаменттен комиссия шақыртып, телевидение шақыртып осындай разборка болған 2007 жылы. Ал сол разборкадан кейін тағы разборка болды, сол кезде қытайлардың айтқаны, - сеніп тұрғандарың өткендегі департамент басшысы ма, сатып алдық біз оны, дым да істей алмайсыңдар, ұнатпағандарың үйлеріңе қайта беріңдер деді. Бұл дәл сондай жағдай болады, бір көкеміз барады өйтем де бүйтем деп, ұртын толтырып алады да, тік ішектің сыртқы бөлігін қыса қояды.

Жауап беру