Иранда "әйелдерді стадионға жібермегені үшін" өзін-өзі өртеген әйел қайтыс болды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 11.09.2019690

Иранда футбол стадионына әйелдерді кіргізбегені үшін наразылық танытып, өзін-өзі өртеген әйел қайтыс болды.

Сахар Ходайари биыл наурыз айында сүйікті футбол командасының ойынын көру үшін стадионға кірмек болып, қамауға алынған. Үш күннен кейін кепілмен босатылып, жарты жыл бойы ісінің сотта қаралуын күткен.

Сот отырысы белгіленген күні Ходайари сотқа келгенмен судьяның жеке мәселесіне байланысты ісі кейінге қалған. Алайда Сахар Ходайари сот ғимараты ішінде әлдекімдердің оны екі жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін екені туралы әңгімені естіп қалған. Бұдан соң ол сот ғимаратының алдына шығып, өз-өзіне от қойған. Бір аптадан соң Ходайари ауруханада көз жұмды.

Иранда 1981 жылдан бері әйелдерге ер адамдар қатысатын жарыстарды стадионда көруге тыйым салынған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.