Динара Құлыбаева Нұр-Сұлтанда жаңа университет ашты

Ербол Ілияс - 11.09.20196776


Astana IT University жоғарғы оқу орнының  құрылысы 10 айға созылған екен. Нұр-Сұлтандағы жаңа білім ордасында Қазақстанның барлық аймағынан іріктеліп алынған 600 студент оқитын болады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ білім фонды ақпараттық технологияны заманауи әдіспен үйретуде көшбасшы саналатын Astana IT University-ді таныстырды.  Оқу нысаны ЭКСПО аумағында орналасқан.

Су жаңа ЖОО-ның таныстырылымына фонд директоры Динара КҰЛЫБАЕВА, "Атамекен" ҰКП президиумінің төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ пен премьер-министрдің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ,  білім, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай КӨЛГІНОВ қатысты.

Құрылысты жүргізген  BI-Group компаниясы өкілінің сөзінше, аталған оқу орны  қатал академиялық білім нысандарына ұқсамайды. Аратұра, "лаунж-бар немесе ашық кеңсені еске салатынын" айтады. Университетте 680  бөлме бар. Олардың 140-ы оқу аудиториясы. Сондай-ақ, коворкинг-аумағы, жайлы кітапхана, спортзал, Аррle және 1С, Oracle сияқты компаниялардың тематикалық кабинеті бар.

 ЖОО 3200 студентті, яғни, 2600 бакалавр және 600 магистрді қабылдай алады. Қаңтар айынан бастап университетте шетел мамандары сабақ бермек. Ал, техникалық мамандықтарды ағылшын тілінде үйретеді.

Студенттер Astana IT University-де 3 жыл оқитын болады. Оқу орнын тәмамдаған соң, 3 жыл Қазақстанда жұмыс істеуі шарт.

"Сіздер қиын конкурстан өтіп, маңызды жеңіске қол жеткіздіңіздер. Мемлекетіміз сіздерге үлкен мүмкіндік жасап отыр. Назарбаев білім фонды шығармашылық орта қалыптастыру үшін барлық жағдайды жасайды. Ел экономикасын дамытуға бағытталған  IT саласындағы стартап-жобалар  дәл осы жерде жүзеге асатын болады"-деді, Нұрсұлтан Назарбаев білім фондының директоры Динара ҚҰЛЫБАЕВА

Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ 4 жылдық оқу бағдарламасын аталған университеттің студенттері 3-ақ жылда аяқтап шығатынын атап өтті.

"2018 жылы Жоғарғы оқу орындарының академиялық еркіндігі туралы маңызды заң қабылданды. Осыған дейін біздің студенттер "Паскаль", "Дельфи" сынды маңызы жоқ  программалау тілін оқып келді. Алайда, қазір университеттерде еркіндік бар. Олар бірінші кезекте кәсіби стандарттарға мән береді. Ал, 4 жылдық бағдарламаны  3 жылда аяқтап шығу мен үшін тың жаңалық"-деді, министр Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ

Ал, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің елордада кибер-спорттан жарыс өткізу туралы ойланамын деген сөзі студенттерге майдай жақты.

Astana IT University ректоры Қанат ҚОЖАХМЕТ білім алудың тиімділігін арттыру үшін университеттегі жүзеге асатын бірнеше модульдермен таныстырды:

 - Әуелі, университетте студенттер мен оқытушылардың еркін сөйлесуі үшін өзіміздің aitu.net әлеуметтік жүйесін ашуды көздеп отырмыз. Ал, aitu.ask модулі студенттер сұрағына оқытушылар мен өзге тәлімгерлердің жауап жазатын сарапшылық платформасы болмақ.

Фото: informburo.kz



Мақала авторы:

Ербол Ілияс

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды