«Келінім дәрігерлердің кесірінен көз жұмды»

Ербол Ілияс - 11.09.20191778


Алматы облысының Кербұлақ аудандық орталық ауруханасында осыдан 2 ай бұрын қайғылы жағдай орын алған болатын. 3-ші сәбиін босану үшін аталған ауруханаға өз аяғымен келген Нарғыз СӘРСЕКЕЕВА 1 аптадан соң көз жұмды. Дәрігерлер 32 жастағы ананы да іштегі шақалақты да аман алып қала алмады. Марқұмның туғандары жұмысына салғырт қарады деп дәрігерлерді кінәлап отыр.
Қайғылы жәйттің басы-қасында болған марқұмның енесі Шолпан Басшыбаеваның айтуынша, оқиға биыл шілденің 11-де басталған. Осыған дейін 2 рет кесер тілігі арқылы сәбилі болған Нарғыз Сәрсекеева іштегі шақалаққа 7 ай толғанда дәрігерлерге көрінуді жөн санапты.  
"Шілденің 11 күні түстен кейін ол ауруханаға жатты. Акушер-генеколог бұл потологиямен сізді қабылдауға болмайды, сондықтан Талдықорғанға жібереміз деді. Себебі, келінім алғашқы баланы босанғанда ұқсас жағдай болған. Қан қысымы көтерілді, беті, аяғы ісіп кетті. Бірақ, 7 айлық баланы алматылық дәрігерлер аман босандырды. Ватсапта құрбыларына дүйсенбіде Талдықорғанға апаратын болды деп жазған хаттары бар"-дейді, марқұм Нарғыз Сәрсекееваның енесі Шолпан БАСШЫБАЕВА. 
Алайда, дәрігерлер талдаудың  қорытындылары дұрыс болмай жатқанын айтып, науқасты Талдықорғанға жібермеген. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы қатты баяулап кеткен соң, дәрігерлер 90 шақырым жердегі облыс орталығына апару туралы шешімін өзгерткен көрінеді. 4 күн бойы аудандық ауруханада жатып қалған науқастың жағдайы, тіптен, нашарлаған.
"Шілденің 15 күні түстен кейін, сағат 3-тер шамасында Нарғыз өзін жайсыз сезіне бастады. Бірақ УЗИ-ге тек 4 сағат өткен соң жіберді. Себебі, ауруханадағы дәрігерлердің барлығы аттестациядан өтіп жатты"-дейді марқұмның енесі. 
Бірақ, қайғылы жағдайдан 1 ай бұрын ғана аурухананың директоры қызметіне кіріскен бас дәрігер ешқандай аттестация болмады деп отыр.

"Медициналық мекеме болған соң бізге қызметкерлерді аттестациядан өткізу құқығы берілмеген. Жаңадан тағайындалған кезім еді. Жұмысшылар құрамына тексеріс жасау туралы шешім қабылдадым. Тек қызметкерлердің өзіне жүктелген міндеттерді қалай атқарып жатқанын тексердік, яғни, білім деңгейін тексердік"-дейді Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының директоры Қайрат ЕРЖАНОВ.
Науқастың жағдайы уақыт өткен сайын ушыға түскен. Дегенмен, марқұмның туғандары дәрігерлер тарапынан қызмет көрсету түгілі, жанашырлық та байқалмағанын айтады.
"Бас дәрігердің орынбасары "жаман айтпай жақсы жоқ, дайындалыңдар" деп айтты. Келінімнің көзі көрмей қалды. Құсты, іш құрылысына қан кеткен. Ал, осының бәрін көріп тұрған кезекші дәрігер сменін тапсырып, үйіне кетті. Шілденің 15 күні кешкі сағат 8 дер шамасында ота жасайтын бөлмеге алып кетті. Бірақ, отаны 21:25 шамасында жасады. Анестезиолог және реаниматолог жағдайдың басы-қасында болған. Дегенмен, ештеңе білмедік, бізге ота жасау туралы хабар кеш жетті деп ақталып отыр. Ақыры, Талдықорғаннан тәжірибелі акушер-генеколог шақыртты. Ол сағат түнгі 12 де бір-ақ жетті. Келінді түнгі сағат 2 -лерде жан сақтау бөліміне алып кетті"-дейді қайғыдан қан жұтқан Шолпан БАСШЫБАЕВА.
Аурухана директоры барлық жағдайды тек 16-шілдеде естіген. Бас дәрігер сол күні ғана комада жатқан науқасты Алматыға апару туралы шешімге келеді.
"Жедел жәрдемнің артынан біздің көлік жүрді. Жолда жағдайы нашарлап кетті. Терезеден дәрігерлердің арпалысып жатқанын көрдік. Шұғыл түрде Қапшағай қаласының ауруханасына апарды. Шілденің 18 күні Алматыға жеткізді. Ақыры, шілденің 22-де келінім жан тапсырды. Келін қайтты. Оған да көнеміз, басқа амал бар ма? Бірақ, қос құлыны анасын іздегенде өзімді қоярға жер таппаймын(көз жасы тыйлмады). Бала-бақшаға басқаларды ата-аналары апарады. Қалай бетінен сүйіп қоштасып жатқандарын көреді. Құлыншақтардың қалай қиналып жатқанын жаным сезеді. Бәрі дәрігерлердің салғырттығы. Егер уақытында Талдықорғанға жібергенде бұлай болмас еді ғой"-дейді, көзінің жасы әлі кеппеген ана. 
Ал, аурухана директоры мәселені қысқа қайырды. Айтуынша, қазір аталған жәйтқа байланысты тергеу жүріп жатыр. Сондықтан тергеу аяқталмай жатып, дәрігерлердің кінәсі бар-жоғын кесіп айтатын құзыретім жоқ деп отыр. Дегенмен, мән-жайды анықтау үшін құрылған комиссия құжатында "қайғылы жағдайдың алдын-алуға болар еді" деп жазылған екен. 
"Сапаны бақылау департаменті, ғылыми зерттеу институты мен Денсаулық сақтау министрлігінен арнайы комиссия келген болатын. 3 бірдей топтың жұмысын жіті бақылап отырған Денсаулық сақтау вице-министрі  Ләззат АҚАТАЕВ. Сондықтан, шешім әділ болатынына күмән жоқ"-дейді Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының директоры Қайрат ЕРЖАНОВ.
«Жас АЛАШ» тілшісі ауданға барған күні марқұмның енесін прокуратураға 2 рет шақырды. Ал, марқұмға ота жасаған дәрігерлер құрамымен тілдесудің реті келмеді. Бас дәрігердің айтуынша, олар да прокуратура ғимаратында екен. Алдына барып тосқанымызбен нәтиже болмады.
Жалпы, тіркеліп отырған ана мен бала өлімі аудандағы бірінші жағдай емес. Мұндай оқиға аталған ауруханада 2015 жылы да қайталанған. Ал, 2017 және 2018 жылдары Кербұлақ аудандық ауруханасына босану үшін келген отбасы 2 бірдей сәбиінен айрылған еді.  
Айтпақшы, марқұмға ота жасағандардың бәрі аталған ауруханада  әлі қызмет атқарып жатыр екен. Босандыру бөлімінің меңгерушісі болған БИНАЗАРОВА(атын біле алмадық), қазір әйелдерге кеңес беру бөлімінде дәрігер. Ал, бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары болған  Жұмабек ЖҰМАЖАНОВ орнын босатқанымен, емханада қатардағы дәрігерге айналған. Анестезиолог әрі реаниматолог болған Қарашаш ӘБІШЕВА  бірнеше рет ауырғанын айтып, демалыс алған екен. 
Фотолар автордікі. 

Мақала авторы:

Ербол Ілияс

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды