Мұхамедиұлының екінші директоры да қызметінен кетті

Дерек көзі: www.azattyq.org - 07.12.2018379

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Асқар БӨРІБАЕВ қызметінен босады. Бұл туралы театр әртістері Жас Алаш тілшісіне айтты. Бұған дейін Мәдениет және спорт министрінің орынбасары болған Асқар Бөрібаев 2014 жылы театр басшылығына келген. Ол сондай-ақ театрдың көркемдік жетекшісі де болған еді. Алайда, ұжымы оның дирижерлығына сын айтып, кәсіби деңгейіне шағымданды. Жуырда Абай театрында екі бірдей спектакльдің тұсау кесері екен. Директор дирижер таяғын қолына алған соң наразылық басталған. Бұған дейін әртістер 2018 жылдың қараша айында мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ атына ашық хат жазған еді. Ол жайлы қазақстандық БАҚ-дары жарыса жазған болатын. 30-40 мың теңге айлық алатын театр қызметкерлер даяшы, таксист, күзетші болып қосымша еңбек ететіндерін жария еткен. Бұған қатысты Асқар Бөрібаев брифинг өткізгенімен Мәдениет және спорт министрі театр ұжымы я болмаса журналистермен кездескенін көз шалмады. Бәлкім, «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен халықаралық іс-сапарлар мен халықаралық жиындарды ұйымдастырып жүрген Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ «өнер адамы аш болғанда шығармашылық табысқа жетеді» деген ұстанымынан айнымаған сияқты. Айтпақшы, министр Мұхамедиұлының кадры жұмыссыз қалған жоқ. Ол Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның басшысы болып тағайындалды. Осы орынға бір ай бұрынға жайғасқан Ая ҚАЛИЕВА уақытша Абай атындағы опера және балет театрының басшылығына келді. Естеріңізде болса, 2018 жылдың басында Мәдениет министрінің сенімді кадры Ерлан БІЛӘЛ парамен ұсталып, қызметінен түсіп қалған. Енді жыл соңында Қазақстандағы тағы бір ірі театрының директоры кәсіби деңгейі сыналып даумен орнынан кетіп отыр. Фото: liter.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды