Теміртауда 370 миллионға салынған үйді бұзып, қайта салады

Арай Сатыбалдықызы - 13.09.20191689

Теміртау қаласында баспанаға кезекте тұрған халыққа салынып жатқан көп қабатты үй бір жағына қисайып кетті. Бұл туралы  өңірдегі «Жас АЛАШ» тілшісі хабарлайды.

Құрылысы толық аяқталмаған үйді 31 шілдеде қолданысқа беруі керек болатын. Алайда мамыр айында пәтерлердің қабырғалары  сөгіліп, жарыла бастаған. Осы кезде  мердігер Агропромстрой ЖШС-нің басшылығы «қабырғаның жарылуында  тұрған ештеңе жоқ. Құрылыс жұмыстарын жалғастыра беруге болады. Үйді қыста бастағандықтан соның әсері болуы керек», деп мәлімдемесімен сабырға шақырған. Алайда  қадағалаушы мамандар, бүгінде осы үйді және қасында көршілес салынып жатқан екінші бір тұрғын үйді қабылдаудан бас тартқан.

Салынбай жатып бір жағына қисая бастаған бұл тұрғын үйге кезекте тұрған  50 отбасын  қоныстандыру жоспарланған. Алайда пәтер күткендерге жуық маңда баспана кілті табыс етілмейді. «ҚазМИРР»институтының мамандары бұл үйді үш ай бойы тексеріп, ақыр соңында «үйдің бір бөлігі 3 милиметрден 30 милиметрге дейін қисайған» деген қорытынды жасады. Ең бір сорақысы сол құрылысы аяқталып қалған үйді бұзып қайтадан салуға тура келеді. Мұнда  ғимараттың жобасын жасаушы мамандармен құрылысшылар  қателікке жол беріп алған.

«Біз енді күтіп отырмаймыз, үйді бұзып қайтадан салу керек деген шешімге келдік. Қазірдің өзінде  ғимаратты бұзу  демонтаж жұмыстары қолға алынды», - деп мәлімдеді Теміртау қаласының әкімі Ғалым ӘШІМОВ.

Ал  мердігер болса шенеуніктердің бұл қорытындысымен келіспейтіндігін айтып, әкімшілікке хат жазған. Мердігерге енді құрылысқа бөлінген қаражатты кері қайтаруға тура келеді.Қисайып қалған үйдің жанына салынып жатқан екінші үйге де тағы елу отбасы қоныстана алмай отыр. Бұл үйді де сол мердігер тұрғызған. Әрі оның құрылысы аяқталуға жақын қалыпты. Шенеуніктердің мәліметінше екі үйді бірдей мерзімде пайдалануға беру қажет екен. Өйткені екі үйдің коммуникациялық желілері ортақ болып тұр. Дауға ұласқан екі тұрғын үйді салу үшін қалалық және республикалық бюджеттен 740 млн теңге бөлініпті.Осылайша салғырттықпен қателіктің салдарынан кезекте тұрған 100 отбасына баспананы тағы күте тұрудан басқа амал қалмайды.

Фото автордікі.



Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды