Кебісбаевтың үшінші қоласы

Әйгерім Жетпісова - 15.09.20191148

Грек-рим күресінен Алмат КЕБІСБАЕВ Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайты хабарлайды.

63 келіде өнер көрсетіп жүрген Кебісбаев қола жүлде үшін кездесуде қырғыз балуаны Тынар ШАРШЕНБЕКОВТЕН басым түсті. Алматы жартылай финалға дейін алқынбай жеткен еді. Алайда, финалға бір қадам қалғанда олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Синобу ОТАҒА жеңіліп қалды. Дәл осы жапондық спортшыға Рио олимпиадасында да есе жіберген.

Отыз екі жастағы қазақ балуаны бұған дейін де әлем чемпионаттарының жүлдегері және Азия чемпионы атанған еді. Мәскеу және Лас-Вегаста өткен әлем чемпионаттарында қола жүлде ұтып алған. 2011 Стамбулда өткен әлем біріншілігінде финалға дейін жетіп, күміс медаль иегері атанды. Алмат өкінішке қарай сол кезде ирандық балуан Омид НОРУЗИДЕН жеңілді.  

Фото: olympic.kz

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.