Шамалғандағы жол апаты: Бас көлік прокуратурасы мәлімдеме жасады

Қайсар Қауымбек - 16.09.20191892

Генерал Ернат СЫБАНҚҰЛОВ басқаратын бас көлік прокуратурасы Шамалғандағы жол апатына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Жас АЛАШ» құзырлы орган баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«15 қыркүйек күні сағат 19.20-да Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде Алматы-Қостанай бағытындағы пойыздың жолаушылар автобусымен соқтығысуы орын алған. Алдын ала деректер бойынша 1 адам қаза тауып, 4 адам түрлі жарақат алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 344-бабының 2-бөлігі (теміржол көлігі жүрісі  немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) және 345-бабының 3-бөлігі (жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.

Қазір жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық іс бас көлік прокуратураның бақылауына алынған.

Фото: zhasalash.kz

Мақала авторы:

Қайсар Қауымбек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.