Машинист шұғыл тежеуді қолданса да тоқтай алмаған

Қайсар Қауымбек - 16.09.20193622

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алматы облысындағы Шамалған станциясында жолаушылар автобусымен пойыздың соқтығысуына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Жас АЛАШ» хабарлайды.

ҚТЖ компаниясының өкілі өткел кезекшісінің жолаушылар пойызын тоқтату үшін тосқауыл бағдаршамын іске қосқанын айтады.

«№43 жолаушылар пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолданды. Бірақ аз қашықтықтан соқтығысудың алдын ала алмады. Соқтығысу кезінде автобус жол жиегіне шығып кетті. №43 пойыз электровозды ауыстырғаннан кейін 01 сағат 38 минутқа кешігіп жолға шықты, пойыз жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ», - деп ақпарат таратты ҚТЖ баспасөз қызметі.

Бір адамның өмірі қиылған жол апатына байланысты қылмыстық іс те қозғалған. Дәлірек айтқанда қылмыстық кодекстің 344 бабының 4 бөлігі және 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Іс бас көлік прокуратурасының бақылауына алынған.  

Фото: sro-auto.ru

Мақала авторы:

Қайсар Қауымбек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.