Қазгидромет: Бес облыста ауа райы бұзылады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 16.09.2019692

Қазақстанның Ақмола, Ақтөбе, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында күшті жел тұрып, Алматы облысында жауын-шашын болады деп хабарлайды "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны.

Дүйсенбі күні Ақмола облысының кей тұсында күн күркіреп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Бұл күні Ақтөбе мен Қостанай облыстарында да екпіні секундына 18 метрге жететін жел тұруы ықтимал. Қостанай облысында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл соғады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей кездері 23-28 метрге жетіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп ескертеді "Қазгдиромет".


Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.