БАҚ: Қытайда қазақтар қазақша ән тыңдағаны үшін сотталды

Әйгерім Жетпісова - 16.09.20197133

Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданыда 30 этникалық қазақ ұсталды. Оларды полиция қазақ әндерін әлеуметтік желіде бөліскені үшін қамауға алған. Бұл туралы rfa.org интернет басылымы хабарлайды.

Іле өлкесінде жуырда 30 қазақ ұсталғанын Нұрбек есімді азамат Radio Free Asia басылымына хабарлаған. Этникалық қазақтар шілде және тамыз айларында тұтқынға алыныпты.Сондай-ақ, басылым сотталғандардың бар жазығы қазақша ән тыңдағандары деп жазады.  

«Ұсталған жігіттер қазақша ән тыңдаған ғой. Сол үшін жазықты болды. Қателеспесем біреуі 15 жылға сотталды. Сот өтіп кеткенен кейін барып, жігіттердің ата-аналарына хабарлаған. Қазақтарға шетелдікдердің видеофильмдерін таратты деп айыптаған», - деген Нұрбек.  

Фото: ortalyq.kz

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.