Шыңжаңда бірнеше рет жер сілкінді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 16.09.20191216

16 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 3:44 кезінде Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық аймағында 4.4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстанның Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 395 километр қашықта, 5 километр тереңдіктегі жер қабатында болған.

Бұған дейін жексенбі, 15 қыркүйекте тәулік барысында Шыңжаңда үш рет жер сілкінді деп хабарлайды аталған орталық. Оның манитудасы 4.0 - 4.5 шамасында болған.

Жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат түспеген.


Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.