«Головкин маған қызықсыз»

Сайт Әкімшілігі - 19.09.20192166

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий ГОЛОВКИНМЕН (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек мүлде қызықтырмайтынын айтты. Боксшының сөзін The Athletic журналисті Майк Коппинджер твиттер желісінде келтіріп отыр.
Альварес бұл мәлімдемесін жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихаты кезінде жасады. 

"Канело" Головкинмен арадағы істің біткенін және онымен үшінші рет жұдырықтасуға ынтасы жоғын айтты", - деп жазыпты Коппинджер.
Сонымен бірге, Альварес өзінің промоутері Оскара Де Ла Хойяның (Golden Boy Promotions) мексикалық пен Головкин жекпе-жегі келесі жылы өтеді деген сөзіне қатысты пікірін айтты. Промоутердің сөзіне қатысты боксшының айтқаны: "Көп дүниенің мәнісі жоқ".

Дереккөз: vesti.kz

Фото: 123ru.net

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.