Мұғалімдер күткен заң мәжіліске жетті

Әйгерім Жетпісова - 19.09.20191959

Бүгін парламент мәжілісінде «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Бұл туралы «Жас АЛАШ» хабарлайды.

«Мұғалімдерге қатысты материалдық емес ынталандыру шаралары қарастырылған. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының жаңа түрін енгізсек дейміз. Ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдерді еңбекақысын арттыру, «Үздік педагог», «ЖОО-ның үздік оқытушысы» гранттары сияқты қолданыстағы барлық әлеуметтік кепілдіктер де міндетті түрде заң жобасында сақталды»,- дейді білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.

Министр мырзаның айтуынша, мұғалім әрбір оқушының артынан жүгіріп, көше шарлап жүрмеу керек. Айтпақшы, жаңа заң жобасында педагогтың құқығы бойынша 9 позиция бар. Ол жерде мұғалімнің міндетіне жатпайтын шаруалармен айналыспау жағы қарастырылған.

БАҚ-да Қазақстан мұғалімдерінің көше тазалау, санақ жүргізу, сайлауларда да жұмыс жасайтынын жиі жазылады. Биылғы тамыз кеңесінде президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мұғалімдерді қара жұмысқа салатын әкімдерді сынаған болатын.

Фото: qazaly.kz

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Посетитель 20 Қыркүйек, 2019

Қазіргі заманда, бұрынғы өткен кеңес кезіндей "Мұғалім" -дердің бедел қадірі, қоғамда төмендеп кеткен. Негізі оқытушылардың мектепте өз қызметін сапалы жоғарғы дəреже деңгейіне қайтадан білім министірлігі " Реформа" арқылы жеткізу керек. Қоғамдағы оқушылардың білімді, елге жанашыр, тəртіпті болып мектеп табалдырығын бітіріп, əрі қарай жақсы маман иесі, жоғарғы білімді саналы азаматтардың қоғамға үлес қосуына, мұғалімдердің үлесінің зор мағынасы бар. Еліміздің тұрақты дамуы, мектептен біздің болашақ жастарымыздың тəрбие алуы да, өркендеуі де-осы мұғалімдерге байланысты. Қазір қай маман, пəн мұғалімі болсын, оларды жастарға, сапалы, табанды білім беруге, оқу орындарына ұйытып шақыру керек! Осы заманда көп жастарымыз мұғалім мамандығынан, тысқары аулақ жүріп, көп бармайды.

Жауап беру