Алматыда Сапарбаевқа ақылды робот таныстырылды

Асмира Ермекқызы - 19.09.2019909

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыда жүр. Оңтүстік астанаға жұмыс сапарымен келген Сапарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барды.   

Вице-премьер ҚазҰУ-дегі ІТ паркті, процестік инновациялар орталығын, жерді қашықтан зондтау орталығын аралап көрді. Оқу орнының өкілдері оған маңызды ғылыми жобаларын таныстырып, жобаларын көрсетті.

Сапарбаев сөйлейтін, еститін, көріп, түсіне алатын, сондай-ақ сұрақ қоя алатын QazBot интеллектуалдық роботымен танысқан соң, вице-премьер әл-Фарабидің музейін аралап көрді. «Бұл мұралар әл-Фараби Қазақстан аумағында туып, өмір сүргенін дәлелдейді», - деді ол. Одан әрі «Ұлы даланың жеті қыры» музейімен, сирек кездесетін жазбалар мен кітаптар қорымен, Тұңғыш Президент залымен танысты.

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев бүгін вице-премьер университеттердің жаһандық саммитіне қатысады.

Фото: inform.kz

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.