Ертең қазақ күресі үшін тарихи финал

Асмира Ермекқызы - 19.09.20194294

Ертең Қазақстан еркін күресі үшін тарихи финал өтеді. Олай дейтініміз 65 келіде өнер көрсетіп жүрген балуанымыз Дәулет НИЯЗБЕКОВ әлем чемпионатының финалына шықты. Қазақстаннан бұрын-соңды еркін күрестен әлем чемпионы шыққан емес.

Қазақ балуаны ¼ финалда моңғол Тулчи ОЧИРДІ 6:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда үндістандық Баджранг ПУНИДЕН басым түсті. Ертең Дәулет ШОРАҰЛЫ ресейлік балуан Гаджимұрат РАШИДОВПЕН алтын медальға таласады. Егер Дәулет жеңсе қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы болып аты тарихта қалады.

Дағыстандық балуан Рашидов 2018 жылы Венгрияда өткен әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған. 24 жастағы балуан Европаның екі дүркін чемпионы.

Өзінің қарсыласынан алты жасқа үлкен қазақ балуаны Азияның үш дүркін чемпионы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Дәулет Ниязбеков басқа да көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Фото: kazinform.kz

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.