Маңғыстауда жұмысшылар ереуілге шықты (видео)

Асмира Ермекқызы - 20.09.20191954

Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнында жүргізушілер ереуілге шықты. Бұл туралы жергілікті lada.kz хабарлады.

«Мобильді Сервис Групп» ЖШС жүргізушілері жұмысын тоқтатты. 162 адам жалақыларын өсіруді талап етіп отыр. Қаражамбас мұнай кен орнындағы мердігерлер айлық 100 пайызға көтерілуі тиіс деп есептейді.

«Біз 15 күн 78 мың  теңге аламыз. Бұл өте аз. Ереуілге дейін біз басшылықпен жалақыны көтеру туралы келіссөздер жүргіздік, бірақ бізге уәде ғана берілді. Біз жұмысты тоқтатуға мәжбүр болдық. Біз 162 адамбыз, бізде 180 бірлік арнайы техника бар. Жалақы көтерілгенше, ақырына дейін тұрамыз. Өзіміздің басшылығымызды және Форт Шевченко әкімінің орынбасарын күтеміз », - деді «Мобил Сервис Групп» ЖШС жұмысшылары.

Фото: lada.kz 





Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.