Вице жалғауы бар чемпион

Әйгерім Жетпісова - 20.09.20192311

Қазақ балуаны Дәулет НИЯЗБЕКОВ еркін күрестен әлем чемпионатының финалында жеңіліс тапты. Финалдық бәсекеде қазақ спортшысы ресейлік балуан Гаджимұрат РАШИДОВТЕН ұтылды.

Қазақ балуаны ¼ финалда моңғол Тулчи ОЧИРДІ 6:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда үндістандық Баджранг ПУНИДЕН басым түсті. Алайда, Гаджимұрат РАШИДОВТАН 10-0 есебімен таза жеңілді.

Дәулет Ниязбеков бұған дейін Азияның үш дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.

Фото: olympic.kz

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.