«Ла Крусты Әділбек ағамның көмегімен жеңдім»

Әйгерім Жетпісова - 21.09.20194176

Қазақ боксшысы Бекзат Нұрдәулетов әлемнің төрт дүркін, олимпиада чемпионы  Хулио ЛА КРУСТЫ қалай жеңгенін айтты.

«Жекпе-жек ойдағыдай өтті. Бапкерлердің айтқанын жасап шықтым. Ла Круспен шығардың алдында Әділбек ағама қоңырау шалдым. Ағам кубалық боксшыны жақсы біледі. Көп кеңес берді. Әділбек ағамның көмегімен жендім», - деді сенсациялық жеңістен кейін Бекзат Qazsport телеарнасының тілшісіне.

Хулио Ла Крус кубаның аса даңқты боксшысы. 81 келіде бокстасқан Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВТЫ үш финалда да жеңіп кетіп еді. Алматы мен Баку қаласында өткен әлем біріншілігінде және Рио олимпиадасында Әділбекті алтыннан осы кубалық боксшы айырған.

Бүгін Бекзат Нұрдәулетов Екатеринбург қаласында финалда өзбек боксшысы Дилшотбек РУЗМЕТОВПЕН әлем чемпионатының алтыны үшін бокстасады.

Фото: olympic.kz

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.