Қайта туған Бекзат

Асмира Ермекқызы - 21.09.20195078

Ресейдің Екатеринбург қаласынан ақжолтай жаңалық. 81 келіде бокстасатын Бекзат НҰРДӘУЛЕТОВ әлем чемпионы атанды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» хабарлайды.

Маңғыстаулық боксшы ақтық жекпе-жекте өзбекстандық қарсыласы Дилшотбек РУЗМЕТОВТАН айласын асырды. Бекзат бұған дейін жартылай финалда әлемнің төрт дүркін және олимпиада ойындарының чемпионы кубалық Хулио ЛА КРУСТЫ жеңіп кеткен еді. 

Бекзат бұған дейін 91 келі салмақта өнер көрсеткен. Алайда, ішкі біріншілікте Василий ЛЕВИТТЕН өте алмағна соң, 81 келіге ауысқан. Әлем чемпионы Ердос ЖАҢАБЕРГЕНОВ, олимпиада ойындарының екі дүркін финалисті Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВТЫ дайындаған Марат ЖӘКИЕВТІҢ қарамағында жаттығады.

Фото: sportx.kz




Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.