«Митингіге шыққан төрт адам жазаланды»

Әйгерім Жетпісова - 23.09.20191356

Астанада өткен митингіге қатысушылардың төртеуі жауапқа тартылды. Бұл туралы боифингте Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан СӘДЕНОВ мәлімдеді.

«Елода бойынша полиция бөлімдеріне 50 заң бұзушы жеткізілді. Олардың төртеуі әкімшілік жауапқа тартылды. Басқаларымен профилактикалық жұмыс қана жүргізілді. Сосын үйлеріне босатып жібердік», - деді полковник Сәденов.

Сондай-ақ, Сәденов митинг кезінде полиция тарапынан қандайда бір заңсыздықтың болмағанын айтты.

21 қыркүйек күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында полиция ондаған адамдарды ұстады. Дәл осы күні халықты митингіге шығуға қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВ шақырған еді.   

Фото: yandex.kz

 

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.