«Жүрсін Ерман қазақ пен қырғыздың арасын бөліп жүр»

Сайт Әкімшілігі - 23.09.20193655

Жақында Қазақстанда өткен айтыста бағын сынаған қырғыз ақыны Жеңісбек ЖҰМАҚАДЫР жарым финалға дейін жете алмай, Жүрсін ЕРМАН оған «300 мың теңге бұл қырғыздар үшін үлкен ақша» деп, жүлде тапсырған екен. Жүрсін Ерманның осы бір сөзі айырқалпақты ағайындарға ұнай қоймапты. Қырғыз Жоғарғы кеңесінің депутаты, «Айтыс» қоғамдық қорының құрылтайшысы Садық ШЕР-НИЯЗ әлеуметтік желідегі өз парақшасында Жүрсін Ерманға жауап қайтарды.

«Жақында бір тойда Жеңісбек ақынға жолығып қалдым. Жадырап-жайнап, шұрқырасып амандастық. «Қазақстанға барып келіпсің, қалай болды?» деп сұрап едім, жүзі сұр бұлттай түнеріп кетті. «Жарым финалға да шығарған жоқ», деді. Сосын Жүрсін Ерман бәйгесін беріп жатып «300 мың теңге бұл қырғыздар үшін үлкен ақша» деп айтты" деді. Жеңісбектің бұл әңгімесіне мен де ызаланып қалдым. Есіме бір жағдай түсті, 2003 жылы Астанада өткен бір айтыста да Жүрсін Ерман дәл осылайша қырғыз бен қазақ ақындарының арасына сына қаққаны бар еді. Мұндай жағдай ақындарымыздың арасын бұзады ғой.

Өз басым Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, Әбіш КЕКІЛБАЕВ сияқты ақсақалдарды, өле-өлгенше «айналайын» деп өткен Фариза ОҢҒАРСЫНОВАНЫ өте қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Бұлар екі елдің ынтымағын ойлап жүрді. Құдайға шүкір, Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, Мұхтар ШАХАНОВ ағаларымды көргенде шер тарқатып, ағыл-тегіл әңгімелесіп қаламын. Асанәлі ӘШІМОВ, Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ ағаларымызды көргенде бір-бірімізді арқа-жарқа құшақтай жөнелеміз. Сатыбалды НАРЫМБЕТ, Ермек ТҰРСЫНОВ, Қанат ТӨРЕБАЙ, Дәрежен ӨМІРБАЕВ достарымның қазақ-қырғыз дегенде жүректерінің ақ екенін ежелден білемін. Бірақ, Жүрсін Ерманның жүрегі ағармады. «300 мың теңге бұл қырғыздар үшін үлкен ақша» деп тауып айтқан сөзін қарасаңызшы... Мәселе ақшада ма екен, мәселе ақынның көңілінде емес пе? Мәселе абырой мен ар-намыста екенін осыншама жылдардан бері түсінбеген Жүрсін Ерман енді түсінеді деп ойламаймын. Ақындар екі елді біріктіріп, ең алдымен ынтамақты ойлап жүруі керек. Жарықтық, бір үш тиын бергенін міндетсініп, лайға аунатып, бұл жолы да бүтін нәрсені жарып беріпсіз.

Сіз қырғыз-қазақтың достығын бұдан кейін де түсінбейтін сияқтысыз, мен сол үшін осыны жазып отырмын. Тәуелсіз тарихымызда бір туған екі елді бөліп-жарып жүргендер кім десе, тайынбастан бірінші қатарға сізді қояр едім. Егер берген тиыныңыз көп болып көрінсе, «Айтыс» қорынан екі есе қып қайтарып, есеп-шотыңызға салып жіберуге болады. Тек қырғыздың ар-намысы ақшамен ғана шектелмейтінін біліп жүрсеңіз болғаны. Сіз осындай әрекеттеріңіз арқылы қазақ ақындарының арасын да ойран қылып аласыз ғой деп болжап отырмын.


Қырғыз ақындарына айтарым, салт-дәстүрді, қадыр-бақты, дәулетті қадірлей білмеген Жүрсін Ерман айтысқа шақырса, бармай-ақ қойыңдаршы, алтындарым. Бәрібір ол сіздердің қадірлеріңе жетпейді, одан да өзіміздің ақиқат, әділ айтысымызды өткізіп, бір туған екі елдің ынтымағын шыңдай берейік», - деп жазды қырғыз депутаты өз фейсбук парақшасында.  

Фото: halyq-arna.kz

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды