"Ұйғыр ауданын Қарадала деуге болмайды"

Алмас Нүсіп - 23.09.20192804

Алматы облыстық «Жетісу» газетінің сайтына Қашанғы жатсынамыз? Ұйғыр ауданының тұрғыны «Қарадала» атауына қарсы шықты деген мақала жарияланды.  Мақала авторы Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ халық қаһарманы Мурдин ТАИПОВТЫҢ 100 жылдығы кезінде болған бір оқиғаға тоқталады.

«Сөз кезегі тигенде қасиетті Қарадаламыздың торқалы топырағынан тараған тарландар жайлы ой қозғадық. Аңғарсақ, сөзіміздің әлқиссасы Қарадаламен басталғаны кейбір ағаларымыздың жанына жақпапты. Бізден кейін сөз алған Бахар ауылының тұрғыны, талай жыл бойы жоғары лауазымдарда қызмет атқарған Сайдалим Амутов ағамыз тұра сала біздің сөзімізге ескерту жасады, «Қарадала» деп атауымыздың қателік екенін айтып өтті. Ағамыздың сөзінше, Қарадала атауы бұл өлкеге ешқандай қатысы жоқ екен, тіпті, негізі де жоқ. Қу медиен, түгі жоқ ен даланы «Қарадала» дейді екен-міс. Қара сөзінің мағынасы да, мәні де жоқ көрінеді»,- деп жазады автор.

Одан әрі әріптесіміз қара сөзінің мағынасына тоқталады. Мемлекеттік басылымның әсте әдептен озбайтынын білеміз. Десе де, автордың не айтпақ болғанын оқырман мақаланы толық оқып шыққанда түсінеді.

Жалпы қазақ баспасөзі Ұйғыр ауданы деген сөзден қашқақтайды. Оған осы ауданға қатысты «Қарадала өңіріндегі өрелісі естер», «Қарадала – құт мекен» сынды (Айқын, Жетісу) газеттерде жарияланған мақалалар куә. Яғни Ұйғыр ауданының бейресми аты – Қарадала. Бұл өңірден шыққан ақын-жазушылар мен журналистер өздерін қарадалалықпыз деп таныстырып жатады. Ал аудан атын ауыстыру мәселесі БАҚ бетінде «Павлодар мен Петропавлдан» аз көтеріліп жатқан жоқ. Былтыр PhD докторы Халық БАЛЫҚБАЙТЕГІ аудан атын Шарын деп өзгерту керектігін баспасөзде көтерген еді. 2006 жылғы «Шелек оқиғасынан» кейін бұл мәселе тіпті БАҚ бетінен түспей қойған-ды. Алайда, толерантты билік әлі күнге дейін саяси жігер таба алар емес.

Фото: arasha.kz

Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.