Қарағандыда көпбалалы отбасыларды сотқа тартып жатыр

Арай Сатыбалдықызы - 24.09.20193192

Қарағанды облысына қарасты Шахан елдімекенінде көпбалалы отбасылар істі болып жатыр. Оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сотқа берген. Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ» тілшісі хабарлайды.

Үкіметтен атаулы көмек алып бастары істі болған екі отбасымен «Жас АЛАШ» тілшісі сөйлесті. Бұл екі отбасының отағасылары мектепте от жағушы боп еңбек етеді. Әлеуметтік сала мамандары оның біреуіне жеке меншік көлігің бар десе, екінші отбасына 30 мың теңге несие алғанын жасырды деп сотқа шағым түсірген. Күлесіз бе, жылайсыз ба?

Ғафу АЛХАЙДАРОВ төрт баланың әкесі. Шахандағы мектепте қыста от жағып, ал жаз айларында мектепте шаруашылық жұмыскері боп бала-шағасын асырап жүр. Бұл отбасы көктемде атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсырған. Құжаттарын қараған мамандар әлеуметтік көмекті тағайындапты. Ғафу Алхайдаровтың отбасы 4 ай бойы ай сайын 93 мың теңгеден атаулы әлеуметтік көмекті алыпты. Енді Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары бұл отбасын сотқа беріп отыр. Ғафу Алхайдаровтың жұбайы Нұрсұлудың  айтуынша, шенеуніктер бұрынғы алған несиені жасырып қалдыңдар деп кінә таққан.

«Несие туралы менен ешкім сұраған жоқ қой. Егер сұраса айтатын едім. Ол бұрын алынған несие, оны төлеп тастаған едік. Көмір түсірген кезде отыз мың теңге жетпей қалғандықтан тездетіп, несие ала салғанбыз. Сол базадан кейін шығып қалған екен. Сосын мектепте от жағушы жұбайымның жалақысы базадан 150 мың теңге болып көрінген. Мектеп есепшісі  зейнетақы қорына шатасып, бірнеше рет ақша аударып жіберген екен. Біз мұны кейін білдік. Өзім кенже балам енді ғана бір жасқа толғандықтан үйде отырмын. Қазір жұбайымның 49 мың теңге жалақысына қарап отырмыз. Үш рет сот өтті. Бүгін тағы сот. Қорқып отырмын», -дейді Нұрсұлу АЛХАЙДАРОВА.

Енді әлеуметтік сала мамандары Ғафу Алхайдаровтан сот арқылы атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілген 374 мың теңгені қайтарып алмақшы.  Нұрсұлу Алхайдарова іске жарап кеткен ол қаражатты қайдан тауып береміз деп қынжылады.

Ал көлігі бар болып басы пәлеге қалған екінші отбасы Шаханда тұратын Әлібек СӘРСЕНБАЕВТЫҢ жанұясы. Оның 7 баласы бар. Жеке меншік фирмада күзетші, ал екінші жұмысына қыста мектепке от жағушы болып шығады екен. Бұл отбасына  517 мың теңгені бір ай ішінде тауып, бюджетке қайтарыңдар деп шенеуніктер ескертіпті. Отағасы  бүгінде сотқа барып сабылып жүр.


«7 балам болғандықтан ескі көлік сатып алған едім. Арасында таксилетсем бе деп. Ол былтыр қараша айынан бері сынып тұр. Бірақ менің атымда тұрған көлік. Оны ешкім сұраған жоқ. Тексерсе базадан шығар еді ғой.  Ал екінші жұмысты жасырдың  дейді,  оған қыста ғана шығамын. Бірақ сол жерден зейнетақыға қаржы аударылады.Мұның барлығын қалай жасырам? Ол да ақпарат базасында көрсетіліп тұрады дейді ғой. Басында әлеуметтік көмекке құжат қабылдағанда «е, үкіметтен бір қайыр болды –ау» деп қатты қуанып едік. Енді берген ақшаларын даулап, басымызды пәлеге қалдырды. Оны білгенде басында бас тартуым қажет еді», - деп өкінеді Шахан қаласының тұрғыны Әлібек Сарсенбаев.


Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Шахандағы екі көп балалы отбасына қатысты сотқа арыз түсіргендерін растады.  

«Ғафу Алхайдаровтың отбасына қатысты оларда екінші тоқсан бойынша табыстың көлемі артып тұр. Ал екінші отбасында отағасы екінші жұмысының бар екенін әрі көлігін жасырып қалған. Табыстарының не себепті артық шығып тұрғанын, оған кімдердің кінәлі екенін сот шешеді. Есептегенде табыс артық болған соң, біз оларды сотқа беріп жағдайды анықтатуымыз керек. Бұл біздің міндетіміз»,- деді Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Ақмарал ШЫНЫБАЕВА.

Фотолар автордікі.


Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Архабаева Шынар 10 Қазан, 2019

Сәлематсыздарма мендеде дәл осындай жағдай болып тұр,мен өзім 5баланың анасымын жалғыз жолдасым ғана жұмыс істейді,отпускаға шығып уш ай бессадержанияда болды сол отпускасы 200000м шыққан, ал қалған ай сайынғы айлығы 98мың сол отпускасы көп шығып тұр деп қысқартып 231000м қайтарыңыз деп жатыр,мен ондай сумманы қалай қайтарамын,ондай болса басында осы ақшаны бермей ақ қоюлары керек еді,сол бес бала болмағанда бермес еді, енді келіп қайтарыңдар деп не мазақ ол ,кәзір шынымды айтсам миіма қан кетейін деп отырмын ,бұлар өстіп бір талай адамды өлтіреді,ал қайтара алмағандарды не істейді екен,

Жауап беру

Гулсим Жумабаева 26 Қыркүйек, 2019

Мен Алхайарова Нурслудын анасымын,менде көп балалы анамын бес қыз бір ұлым бар.Нурсулу екінші қызым,үкіметтен жәрдем ақы алып ,сотқа тартылғанына жай қарап отыра алмадым.Қызымды жылатып қарап отыра алмаймын.Жәрдем ақы тағайындайтын қызметкерлер қайда қараған,кызыма бәле жауып,дұрыстап көзін ашып қарамайма.Көп балалы ананы сотқа беріп өзерінін шығындарын жапақшыма.Олай болса неге тағайындаған.Енді жәрдем ақыны қайтар дегені қай сасқандары,қызым ондай ақшаны қайдан алады.Әлеуметтік көмектерін бермейақ қоймадыма,қызымы жылатып.Үкімет көмегі осы ма? Біз үкметке қайтып сенеміз,осы үкіметтің қателігіне менің қызым кінәліме?Менің кызымның жүрегі бала кезінен аурады ,ертең мына жәле жапқандарын көтере алама, төрт баласын шырылдатып.Сот әділ шешім қабылдайма.Әділдікті кім шешеді,бұрынғыдай әділдік болама.Мен үкімет башыларына сене алмай отырмын.Қызыма қорған болатын үкмет барма?Егеменді Қазақстанбыз деп жар саламыз,қайда сол қазақстанымыз, әділдік ,адамгершіліктен жүрдаймызба?Осыған кім жауап береді.Көп балалы аналарды ,сотқа тартып,оларды қорлағандарына қалай қараймыз.Олар қызымды машеиница деп айып тағады,құжатқа жөндеп көздерін ашып қарамайма, бұрынғыдай үкмет башыларына шағымдана аламыз ба?

Жауап беру

Сахиева Гульбахрам Жунискызы 26 Қыркүйек, 2019

Мен Алхайдарова Нурсулуды колдаймын.сот осымен токтатылсын.ол акшаны кайтаруга ол ақшаны қайтаруга тиісті емес.акшасы жетіп турса сурамас еді.басында осы уакытта дейін уйі де жок.акшасы жетип турса уй сатып алар еды.озы жумыс истемейды.бір жолдасынын жалакысына карап отыр.кай жагына жеткизерин билмей.2 баласы окиды.олардын баларынын киімдеры тамагы казир бары кымбат.миллион тапсада жетпейды.айына 93 мын бердик деп оны кайтар деп.бул маскара гой.оз оздерин позорларын шыгарып отыр.мен жалгыз басым.130 мын аламын.менин бир басыма жетпейды.оган 4 баламен калай жетеды.бары удай кымбат.жылда баганы котереды.оздеры балкып шалкып омир сурип жатыр.оздеринин басына берсе гой.50 мын айына алып омир сурип корсин. Басында бермей турып тексеру керек еды.кате оздеринен оздерин соттау керек.

Жауап беру

Ұқсас жаңалықтар