Ресейдегі жоғарғы қызметтегі қазақ

Алмас Нүсіп - 01.10.20195485

Этникалық қазақтар көп орналасқан елдерді бірі – Ресей Федерациясы. Көрші елде 2010 жылғы өткен санақ бойынша 647 мың қазақ өмір сүреді.

Әдетте БАҚ ол жақтағы биліктегі қазақтарды сөз еткенде экс-губернатор Аман ТӨЛЕЕВ пен Алматыда туған Мемлекеттік дума спикерінің орынбасары Владимир ЖИРИНОВСКИЙДІ тілге тиек етеді.

Ресейдің Кемеров облысын он жылдан аса уақыт басқарған Аман Төлеевтен кейін Ресейдегі лауазымды қызметтердің бірінде отырған қазақ Владимир ВАСИЛЬЕВ. 11 тамыз күні жетпіске келген Владимир АБДУӘЛИҰЛЫ РФ құрамына кіретін Дағыстанның басшысы. Бұл қызметке 2018 жылдың 8 қыркүйегінде тағайындалды.

Саясаткер 1949 жылы 11 тамыз күні Клин қаласында дүниеге келген. Асанбаев Алик Абдуәлиұлы деп туу куәлігі берілген.

«Анам Мәскеу облысында дүниеге келген. Загорский атындағы педагогикалық техникумда білім алған Әпкесінің кеңесімен практикадан өту үшін Қазақстанға барады. Сол жерде әкеммен тасынасады. Әкем мектеп директоры екен. Олар көңіл жарастырып бас қосады. Үш бала сүйеді. Алайда дәм-тұздары жараспай ажырасып кетеді. Шешем қайтадан Ресейге көшіп кетеді. Әкем өз туған жерінде қалды. Бірақ бізді ұмытқан емес. Келіп тұратын. Өкінішке қарай әкем өмірден ерте кетті. Ол кезде мен екінші сыныптың оқушысы едім. Анам мен Юрий ағам жерледі», - деп еске алады Дағыстан президенті.

Дағыстан президентінің Қазақстанда туыстары бар екен. Бірақ байланыстары үзіліп кетіпті. Болашақ президенттің отбасы Ресейде Голышкино деревьнясында тұрыпты. Паспорт алатын кезде фамилиясы мен атын ауыстырыпты. Сөйтіп Владимир Васильев атаныпты. Ол анасының тегін алған. Ал әкесінің атын қалдырған.

1972 жылы Мәскеудегі арнайы милиция орта мектебіне түседі. Ата-анасы сынды педагогтық мамандықты таңдамай ішкі істер саласына кетеді. 1978 жылы Бүкілодақтық сырттай оқытатын заң институтына түседі. 1991 жылы КСРО ІІМ-нің академиясына түседі. Отставкадағы генерал-полковник. Заң ғылымдарының кандидаты. РФ ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып қызмет еткен. 2003-2017 жылдары Мемлекеттік думаның депутаты болған Президент Владимир ПУТИН басқаратын «Единная Россия» партиясының мүшесі.

Фото ғаламтордан алынды.



Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.