Берік Әбдіғалиұлы қайтадан әкім болды

Арай Сатыбалдықызы - 02.10.20191561

Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданы әкімі болып Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ тағайындалды. Бұл туралы өңірдегі "Жас АЛАШ" тілшісі хабарлайды. 

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК аудан активіне жаңа әкімді таныстырды. Берік Әбдіғалиұлының кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары қолдаған. Бұған дейін Ұлытауды басқарған Әнуар ОМАРОВ өз еркімен қызметінен кетіпті.    

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданын 2010 жылы басқарған болатын. 2010-2012 жылдары Жезқазған қаласының әкімі болды. Сондай-ақ, Арқалық қаласын да басқарған. Әкім ретінде біршама тәжірбиесі бар саясаткер 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары да болған еді. Қысқа мерзімде Серік АХМЕТОВТЫҢ орынбасары болды.

Фото: qazaquni.kz




Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.