Жеңіс Қасымбек Бегімовке сөгіс жариялады

Арай Сатыбалдықызы - 02.10.20191436

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК  Жезқазған басшысы Қайрат БЕГІМОВКЕ сөгіс жариялады. Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ» тілшісі Арай САТЫБАЛДЫҚЫ хабарлайды. 

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша қала басшысы Жезқазғандағы су мәселесіне қатысты сынға іліккен.

«Мен сумен жабдықтау құрылғыларының жұмысына риза емеспін. Сонымен қатар «Қазақмыс» басшылығына да ескертемін:  Қаланы сумен қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлердің шаруасына көңіл бөліңіздер»,- деді Қасымбек.

Алдағы 2020 жылы Жезқазған қаласының бюджеті 5 миллиардқа ұлғаймақ. Қарағанды облысының әкімі облыстағы әлеуметтік мәселелерді дұрыс шешу үшін ақшаны тиімді жұмсауға шақырды.

Жеңіс Қасымбек,  Жезқазған - Қызылорда автожолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарды дайындау мамыр айында аяқталатынын айтты. Содан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары басталмақ екен. Ал 2021 жылға Қарағанды - Жезқазған автомобиль жолын күрделі жөндеу жоспарланған.

Коллаж: zhasalash.kz


Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.