Тұңғыш Олимпиада чемпионы: Қазақстан тарапынан ешқандай құрмет жасалған жоқ

Думан Бақыткелді - 05.10.20193659

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан ЖАРМҰХАМЕДОВ Алматыға келді.

Белгілі тарбағатайлық меценат Дулат ТҰРСЫНҰЛЫ өзі тағайындаған Assyltas медалімен  Әлжан Жармұхамедовті 75 жаста толуына орай арнайы шақырып марапаттады. Медальді Дулат Тұрсынұлы өзі табыстады. Бұл жайында іс-шараға барып, чемпионмен тілдесіп қайтқан «Жас АЛАШ» тілшісі хабарлайды.

Чемпионға қазақы шапан жауып, арнайы төсбелгімен марапаттаған соң, бірер ауыз сөзге тартқан едік.

- Қазақстан үкіметі тарапынан қандай да бір сый-құрметтер жасалды ма?

- Жоқ, ешқандай да, мынау алғашқысы.

- Қазақстанда туыстарыңыз тұра ма, араласып тұрасыз ба?

- Бар, өте көп. Қызылордада аталас бауырларым бар, Астанада, Жезқазғанда, сыныптастарым достарым бар.

- Қазақстанға көшіп келетін ойыңыз жоқ па?

- Ой, уақыт өтіп кеттіғой (күлді). Мәскеуге әбден үйреніп қалдым. Ондай ойым жоқ.

- Ресейде чемпион ретінде қандай құрметке бөлендіңіз?

- 2 орденім бар, Кеңестік, Ресейлік. Мәскеуде отбасыммен тұрамын, екі балам бар. Тренер боп істейді.

Естеріңізге сала кетсек, Әлжан Жармұхамедов 1972 жылғы Мюньхен олимпиадасында баскетболдан Совет одағы құрамасында ойнаған, әрі чемпион болған тұңғыш қазақ. Былтыр ғана жарыққа шыққан «Движение вверх» фильмі сол чемпиондардың жеңісіне арналған тарихи көркем фильм болатын.

Фото: Жас АЛАШ


Мақала авторы:

Думан Бақыткелді

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.