Нұрғайып Хавсемет. Із

Сайт Әкімшілігі - 08.10.2019321

Сағаттың шырылы оятып жіберді. Таңғы бес жарым болыпты.  Жұмыс жерінің алыстығынан, күнде осы уақытта тұрып үйреніп қалған болатын. Беті қолын жуып ап, бір кесе шайды өңешіне қотара салды. Алғашқы автобустардың біріне отырып «Шанхай» базарына жетіп алу керек.

Далада жаңбыр жауа бастапты. Аспанның айығар түрі көрінбейді.  Көлік тосқан адамдардың бәрі жаңбырдан малмандай су болмас үшін әр тамның түбін паналап жүр. Тасқын жүгіре басып көптің арасына келіп, жол бойында өтіп жатқан көліктерге қолын көтере бастады. Асфальт бетінің ойығына жиналған суды шашып кеп тоқтаған көліке барлығы ентелеп барып, әркім баратын мекен жайларын айтып жатыр. Тасқын үнсіз ғана бетін жуған жаңбырды білегімен сыйпап тастап жүргізіушіге қарап қояды. Жүргізіушіде барар жерін «Шанхай» базарына дейін екенін айтты. Тасқын үшін жұмыс орнына  елдің алдымен жетіп алатын мүкіндік еді. Күн сайын  кешігіп, басшысынан үнемі сөгіс алатын. Алайда басшысы жұмыстан шығаруға ешқашан оқталмады. Тасқынның айтқан жұмысын үнемі тиянақты істейтінін ескеретін. «Мені  Шанхайға дейін ала кетші» деп, көлік иесіне қарап қояды. Ол үш жүз деді. Машинаның есігін ашып арт жағына жайғасып отырды. Қояндыдан шықан көлік шанхай базарына бар жоғы он бес минут ішінде жетті.

Базарға тым ерте келді ме басшылары көрінбеді. Скалаттың алдында арлы-берлі теңселіп біраз жүрді. Біресе жүрелеп отырады. Қайта тұрып жүреді. Неге екені белгісіз көңілі бір жамандықтың боларын сезетіндей. Үйдегілер аман болса екен деп іштей күбірлейді. Әйтеу көңілі байыз таппай қойды.

Склаттың сырт жақ бұрышында жатқан қытайдың ала дорбасына көзі түсті. Ішінде бірдеңе бар сияқты. Барып көргісі келді: бірақ ішкі түйсігі барма дейтіндей. Әлде кеш кешке келген тауарлардан қалып қойған зат па деп ойлады. Олай болса есіктің алдында қалар еді, бұл мұнда қайдан келді. Не де болса қасына барып анық қанығын білуді жөн санады. Асықпай барып ала дорбаны орыннан тартып көрді. Бірақ тым ауыр. Зырғытпасын ашып есінен  танып қалды. Қанша уақыт жатқаны белгісіз. Есін жиса адамдар да көбейіп даң-дұң сөздер бір-біріне есе бермей жатқан адамдар. Тұрмақшы болып еді, екі иығынан басып отырған орган қызыметкерін сонда барып көрді. Тасқынның бетіне қарап қуым қолға түстіңбе деп сұсты жанарымен қарап қояды. Тасқынның көз алдында бағанағы көрініс кетер емес. Ішкі стер қызыметкеріне айтып түсіндіргісі келіп еді, тілі күрмеліп қалғандай болып өзі дауысын өзі ести алмады.

– Есіңді жидың ба? Бөлімшеге барып жауап аламыз сенен. Сөйлемегенің өзіңе жақсы. Адвокат жалдауға құқылысыз қазақыстан азаматы ретінде. Орныңнан тұр шалжиып отыра беретін бұл жер үйің емес деп желкелеп апарып патрульдің машинасына отырғызды.

Түк түсіне алмай дел сал. Тағы да сөйлегісі келді, тағы да үні көмейінде қалып сыртқа анық шықпады. Көліктің алдына жайғасқан ішкі істер бөлімінің капитанының бірінің иығынан түртіп, ыммен қалам мен қағаз сұрады. Ол бөлімге барған соң жазбаша жауап бересің деп түйіле дүңк еткізді кеудесінен. Тасқын қандай сұмдыққа тап болғанын болжай алмай, тергеу изоляторынан келіп түсті. Сонда барып бұлардың Тасқынды күдікті жандар қатарына қосып, тіпті қылымыскер етіп шығаруы ықтимал екенін түсінді.

Қабырғадан ызғар ұрып тұр. Төбеде тек алпыс вольттық лампа сығырайып, бөлме ішіне үмітсіз жарығын шашады. Темір есіктің топсалары бір-біріне қажалып шиқылдап ашылған да, адам баласының өне бойын тітіркентіп жіберді. Бұл да жүйкесі жұқарған адамға үлкен салмақ.

Екі еңгезердей тергеуші кіріп келді. Мұнда келіп отыр деп темір столдың қасындағы орындықты нұсқады. Біреуі қолдарының сары суын пытырлатып шығарып, тергелушіге сес көрсетіп жүр. Өзін Қарсақбев деп таныстырған біреу столды жұдырығымен қойып қап барып, қатқыл үн қатты. 

– Есімің кім сенің? Сенің сыбайластарың кім, оларды айтсаң жазаң бір шама жеңілдейді. Кімдермен бірігіп істейсің, адам органдарын сатуды қанша жылдан бері кәсіп қылып жүрсіңдер. Тек сұрақ қоя берді жауапта күтпестен.

Тасқының тілі таңдайына жабысып қалғандай азуынан бір де бір үн шығаралмай, жылап жіберді. Әкесі мен анасынан айрылғанан кейінгі жылап отырғаны осы шығар. Не өзін ақтардай бір ауыз сөзде айта алмағанына өкініп. Тек өзінің кім екенін куәландыратын жеке бас куәлігін қалтасынан алып берді. Тергеуші қолына куәлікті ұстап тұрып: «Мамырбаев Тасқын Ахметұл болың ғой онда». Біраз үнсіз тұрды да.

– Тасқын мырза, менің саған жаным ашып тұр. Сен қылмысыңды тез мойындасаң өзіңе жақсы болады. Ал мойындамасаң мұндағы жағдайаттарды саған айтып түсіндіре алмаймыз. Болмаса бір ауыз бірдеңе деші бізге. Сенен жауап күтіп тұрмыз.

Тасқын сөйлегісі келіп тағы да талпынып көрді, онысынан түк шықпады. Қарсақбев ашуланып кеп жағынан салып кеп жіберді, сенің есіңді жиғызайын. Қанша өтірік жындының кейпін танытқаныңмен бізден құтыла алмайсың Сендейлердің талайының мойынын астына қайырғамын. Талай әкілердің желкесін үзгемін деп түнере түсті. Тасқын болса екі жанары жаутаңдап тергеушіге, құты жан алығыш Әзірейілше қарағандай орындықта қалшылдап, өне бойынан суық тері саулап отыра берді. Қарсақбев қасындағысына бұл сөйлемесе сөйлетудің амалын жасайтын бол мен бір айналып келем деп темір есікті боздатып ашып ыңырантып жауып кетіп қалды. Өзін Мағзумов деп таныстырды. Қарсақбевқа қарғанда өңі жылы сияқты. Жүзі жылыдан түңілме дегендей Мағзумовтан қағаз бен қалам сұрады ымдап жүріп түсіндіріп. Таңертең неше де тұрғанын жұмысқа қандай көлікпен келгенін, көлікте неше адам болғанын, ал жұмысқа келген соң қандай оқиға болғанын, оқиға болғанға дейін өзінің сөйлей алатыны жайлы толық баяндап жазып берді. Мағзумов Тасқынға бажырайа бір қарап қойып: «Бұрын сөйлесең неге қаір неге үннің шықпай тұр, тіліңді жұтып қойдың ба? Қане, көрейін аузыңды аш, деп Тасқынның кірішін саусақтарымен барынша қысса түсті. Тасқын мен қылмыскер емеспін дегендей жаутаңдай берді...

 

***

Тұлпар сауда үйінен қолтықтасып екі құрбы қыз шығып келді. Мерседестің ішіндегі екеуі бір-біріне жымыңдап қарап қояды. «Әй, анау сенің көршің ғой, өзің сөйлесіп шаруаны ретте», – деді рулдегі жігіт қасындағы тәпіш қараға. Ол: «жарайды» деп көліктен түсіп, қарсы келе жатқан қыздарды жымыңдай қарсы алды. «Түн жарымында көшеде қыз баласына жүру қауіпті болып кетті, құдаша, сендерді жеткізіп салайын» деп қояды тәпіш қара. «Ой, рақмет, Ерлан, бар болғаны төрт аялдамадай жерде ғана үйіміз, әуре болмай-ақ қой өзіміз барамыз» деп, жүре берді. Жамбасына жабыстыра киген тар жеңіс шалбары мен кеудесіндегі қос анарының үрпіне дейіна айқындаптып ақ сібетір киген құдашасы Жаңылға, Ерлан көз аламай бажырая қарады. Ерлан бүгін жоспарды орындамаса өз жақындарының бірінен айрылатыны есіне түсті ме, алыстап бара жатқан Жаңыл мен құрбысының артынан барып тоқтатып, бір жерлегре барып шәй ішіп қайтуға көндіріп көңілі орнына түсті. Бөгенбай батыр көшесіндегі клубқа қарай көлігін бұра жөнелді тоң мойын Бука. Жоспарларының ең жоқ дегенді бір бөлшегі орындалғандарына екі арамза іштей қутыңдап қуанып келеді. Ал Жаңыл мен құрбысы Гулбағила жақтары қайшыласқанша сағыздарын шайнап, қанен қаперсіз отыра берді.

Клубтың іші жарқылдаған шамдар, кімнің кім кекенін танып біліп жатқан ешкім жоқ. Бәрі де қызара бөртіп тайраңдап билеп жатқаны. Өз-өздерінің тілеулес досатарымен жиналған жастар, әр жерде топтасып арағы мен шылымын, анашасы мен хорхорын шегіп, бұл өмірдің рақатын сезініп жатыр. Ерлан мен досы Бука екеуі  бос орындардың біріне тапсырыс алып, даяшылардың біріне адамды ұйқтатын дәрінің құтысын ұстатып қыздардың сусынына қосуды бұйырды. Түк бол мағандай езулеріне сайтан күлкі үйіріліп қыздарыдың қасына келіп отырды екі сұм. Көп кешікпей тикила құйылған хрусталь стакандарды патносқа қондырып даяшы ұл да иіле алдарына тосса қойды. Қыздардың стакандарына турпкамен лимон қойылыпты, дәрінің қай стаканда екенін Ерлан сезіп мырс етті.

– Ал қыздар сендердің сұлулықтарың үшін көтерейік. Бұл менің іскер досым Болат, елдің бәрі Бука  дейді. Сендерде солай айта беріңдер, – деп өзінің стаканы қағып алды. Қасындағыларда бір-бірінен қалыспай олар да өңештеріне құя салды. Ерланың екі көзі қыздарда. Қашан ұйықтайды деп күтіп отырғаны. Барлығы тұрып би алаңына барып билей бастап еді, Жаңыл басым айналып тұр мен отыра тұрайын деп орнына барып ұйықтап кетті. Іле шала Гулбағила да солай істеді. Ал екі атпалдай азамат екі қызды қолтықтарынан демеп сыртағы көліктеріне әкеліп бірін багажға, бірін көлік ішіне екі бүктеп нығай сала, қала сыртындағы құл базарына асығып жүре жөнелді.

«Бос біздің жұмысты шынайы бағаласа біраз қаражатқа кенеліп қалармыз. Осындай тағы бір екі партия жөнелтсек бұл қаладан баспана алуға да жарап қалармыз» деп қарқылдай күлді екеуі жарыса. Зәулім ғимараттың падвалына екі қызды үш-төрт жігіт алып түсіп кетті. Ерлан мен  Болат орта дорба ақшаны алып, қыздардың тағдырына алаңдамастан жөндеріне кете берді.

Падвалда қолында скальпесі бар дәрігер темір төсекте жатқан екі қызға аш қасқырдай төніп тұр. Мейір бикеге дайындал деп пәрмен беріп, қыздардың тануларына наркозды искетіп қойды. Екі қызды құтты бір мал сияқты кескілеп ішкі ағзаларынан керектілерін барыша аман алып, бірін банкаға, бірін корапқа салып тастады. Жұмыстары аяқталысымен дәрігер жігіт Болатқа қоңырау шалып бізідің шаруа бітті. «Алған жерлеріңе апарып тастаңдар» деп бұйырды.

Түнгі сағат үштер шамасында мәйіттерді ала дорбаға салып «Шанхай» базарындағы склаттардың бірінің бұрышына тастап кетті.

 

***

Қанша азаптаса да Тасқынды сөйлете алмады. Оның кінәсіз не кіәлі екенін айғақтайтын да адамдар да табалмады Мағзумов пен Қарсақбев бар үміттерін писхолгқа арты. Екі жарым сағаттқа созылған сеаныстан шыққан писхолг Тасқының қатты қорқып қалғанын айтты. «Сондықтан ол әзір қанша қинасаңдар да сөйлей алмайды. Бір білерім бұл баланың кінәсі жоқ» деді. Істің барысы тым шинелісіп кетті. Үш күн бойы Тасқынды сөйлетіп кінәсін мойындатамыз дегенінен түк шықпады. Тек қыздардың аты жөнін анықтап, қай жерде жұмыс істейтінін білуге кірісті. Әуежай мен авто бекеттеріне барынша қадағалауды тапсырып, ондағы тексеру пунктерінің адамын екі есеге көбейтті. Тіпті республиканың әр өңіріне солай деп бұйрық берді, жоғары жақ өкілі. Қарсақбев бастаған біраз жігіттер Астана қаласының түнгі клубтарын бит қарғандай сүзгіден өткізіп шықтты. Тек клуб 23-тің даяшысы осында күн сайын келетін Ерлан деген жігіт бар деп байқамай айтып қалғанына өзі өкінді. Бірдеңенің басын бастап ап ары қарай ашып айтпай қойды. Басыма бәле болып жабысар деп ойлады.

Бүгін Мағзумов жай киім киіп, қасына бірге істейтін жас қызды ертіп клубқа келді.  Екеуі барынша сақтанып, бей сауат адамдардай даурығып бірін-бірі тілдеп әкете жөнелді біраз ішімдік ішкесін. Алыстан бақылап отырған Бука ұрыса түсіңдер дегендей ұрлана қарайды олардың жан-жалына. Қыздың орысшалап балағаттаған сөзі Мағзумовтың жанына батып кеткендей болды сырт көзге.  Қыздың жағынан  күректей алқанымен шарт еткізді. Танудан қою қар қан бұрқ ете түсті. Қыз сондада тілін тартпай менсенің түбіңе жетем, мен сені өлтірем деп аузына не келсе соны айтып жатыр.

Бука болса өтірік намысты адамдай бола қалып, Мағзумовтың кеңірдегіне жармасып: «өй, жетесіз неме қызға қол көтеруін қара» деп бір-екі жұдырық жұмсап үлгерді. Жапа шекен жаққа қарап: «Қарындас, сізді үйіңізге жеткізіп салайын» деп қияла қалды. Мағзумов пен қыз жоспарлары жүзеге қуана кетті. Қызда Буканың қолтығына құшақтап бауырына кіре түсіп, арт жағындағы әріптесіне басбармағын көрсетіп кете берді. Осы уақытта сыртта Қарсақбевтар машинаның қай бағытқа кеткенін бақылап отырды.

Алдынала көліктің артына келіп жайғасқан Ерлан сәл жүрген соң қыздың мойнынан ұйықтатқыш дәрі егіп тастатды. Қарсақбевтар қылмыс үстінде ұстау керектігін білсе де, әріптестерінің басына қатер төндіргісі келмей қара түсті мерстің артыннан баспалап жүріп отырып қала сыртындағы зәулім ғимараттардың бірне келіп тоқтаған көлікті алыстап бақылап оларда тоқтады. Мағзумовқа хабарласып жедел түрде спецназ жігітерін тұрған мекен-жайларына жіберуді бұйыра айтты. Айналасы он бес минутан кейін қызды падвалға жігіттер алып кіріп кетті. Ал Бука мен Ерлан келген іздерімен кері қайтты. Бірақ жолдағы ішкі істер жігіттерінің құрығынан құтыла алмай қолға түсті. Падвалға баса көктеп кіріп келген спецназ жігітері дәрігер мен оның сыбайластарының біріне қашуға мұрша бермей қолға түсірді.

Бұл елімізегі құл базарының ірі өкілдері болып саналатын топ екен. Олар айында он сегіз бен жиырма бес шамасындағы қыздардың ағзаларын алыс жақын шет елдерге бір-екі партия жөнелтіп отырғаны анықталды. Тіпті олардың сыбайластары ішкі ісітер оргынында беделді азаматтар екені, ал әуежайда қылмыстық топпен байланыс бар лотчиктердің де үстінен іс қозғалды.

Қарсақбевқа пен Мағзумов  өз істерінің адалы деп танылды. Қыздың батылдғы үшін жоғары жаққа дәрежесін өсіру жайлы қаулы жіберілді. Ал Тасқын өзінің қылмыскер еместігі дәледенген соң емханаға емделіп шықты. Өкініштісі кекештеніп сөйлейтін болыпты.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар