«Екі інімді полиция ұстап алып кетті»

Қанат Тілеухан - 09.10.20195554

Қытайлық «CITIC Construction» компаниясында жұмысшылар арасында төбелеске қатысты ұсталған азаматтардың туған-туыстары полиция ешқандай түсініктеме бермепті. Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайты хабарлайды.

«Кеше інілерім Бейбіт пен Нұрболды полиция ұстап алып кетіпті. Мен ол кезде Сарқанта жұмыста едім. Кешеден бері қамауда отыр. Полиция не үшін қамағандарын, қандай айып тағып отырғандарын хабарламады. Талдықорған – Өскемен тас жолын салып жатқан шетелдік компанияда жергілікті жұмысшы қытай азаматтарымен сөзге келіп қалып, төбелес болған. Бірнеше адам жабылыпты. Бұның алдында аспазшы әйелге өзге елден келген жұмысшылар бейәдеп қылық көрсеткен. Содан жігіттер жиналып барған. Сол жерде төбелес болған. Бұл менің естіп білгенім. Менің інілерім ол компанияда жұмыс жасамайды. Бірақ болған жайлы естігенде намыстанып барған ғой. Қазір ауылда тұрғыннан полиция көп. Талдықорғанға полицияға ағайындар кеткен. Бір хабарын күтіп отырмыз », - дейді Қызылағаш ауылының тұрғыны Ербол МҰХАМЕТАЛИН.

Қызылағаш ауылынаның тұрғындарының айтуынша, Берікбол РЫСАЛДИНОВ, Азамат ҮЙСІНБАЕВ, Бейбіт және Нұрбол МҰХАМЕТАЛИН, ағайынды Сарқыт пен Еркін САЛҚАНОВТАР ұсталыпты.

Мақала авторы:

Қанат Тілеухан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.